№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Саяси жүйе үлкен трансформация алдында тұр

Саяси жүйе үлкен трансформация алдында тұр


Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы, «AMANAT» партиясы облыстық штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева Шиелі ауданы орталығындағы Ы.Жахаев атындағы № 244 орта мектебіндегі «Кәсіподақ қозғалысының қазіргі қоғам дамуындағы ықпалы» атты жиынына қатысты.

Басқосуға Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Әмзеев және білім беру ұйымдарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және ұстаздар қатысты.

Кездесуде Гүлнар Есқалиева референдумның маңыздылығы жайында айтып, осы жолғы өзгерістердің ауқымы кең екеніне тоқталды.

Өз сөзінде: «Конституцияға өте ауқымды түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты. Саяси жүйе үлкен трансформация алдында тұр. Қоғамдық-саяси, экономикалық тұрғыдан жаңа деңгейге қадам басу үшін әр азаматтың бұл науқанға ат салысуы аса маңызды. Осы мүмкіндікті пайдаланып,баршаңызды ел болшағы үшін қабылданғалы тұрған өзгерістерге дауыс беруге шақырамын»,- деді.

Әрі қарай жоспарлы шараның күн тәртібіне сәйкес, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен, ұстаздық  өрнегін танытып, білім беру әдістемесін тәжерибеде таратып жүрген педагогтар қауымы арнайы төсбелгімен, Республикалық білім қызметкерлері кәсіподағының және облыстық білім кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды.


23 мамыр 2022 ж. 225 0