№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жастар өз үлесін қосады

Жастар өз үлесін қосады


Қызылордада Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев жастармен кездесіп, алда өтетін референдумның маңызы жайлы пікір алмасты. Саяси маңызы бар науқанға қатысты кейінгі толқын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Amanat партиясы Қызылорда қалалық филиалы ұйымдастырған кездесуде Ғалым Махмұтбайұлы Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістердің мән-жайын түсіндірді. Президенттік билік, Парламент пен жергілікті өзін өзі басқару саласына да заманға сай өзгеріс әкелетін осы қадам еліміздің жаңаруының негізіне айналатынына тоқталды.

– Жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норманың бекітілуі, сайлау жүйесіндегі өзгерістер, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдерін тағайын­даудағы жаңалықтар ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейте түседі. Жаңа кезеңге қадам басқан қоғам жастары ел өміріндегі осындай маңызды сәттен сырт қалмайды деген ойдамыз, – деді депутат.

Кездесуде партияның республикалық штабы мүшесі Базар Танбаева, Amanat Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабек Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды кезеңде кейінгі толқынның үлесі көп болуы керектігін айтып өтті.

Белсенді жастың бірі Шернияз Жалғасбекұлының айтуынша, өз қатарларының басты құжаттағы өзгеріс­терге қызығушылығы жоғары. Олар өзгерісті қалайды және әділетті қоғам құрудың басты шарты болып отырған негізгі құжаттағы жаңалықтарды жүзеге асыру­ға өз үлестерін қосуға дайын.
 
                                                                                                                                                 Қызылорда

20 мамыр 2022 ж. 294 0