№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Референдумды қолдауға үндеу жасады

Референдумды қолдауға үндеу жасады


«Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС басқарма төрағасы, Amanat партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Жиындарға Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы, партия жанындағы облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Жаңадан ашылған Түркіс­тан музыкалық драма театрында мәдениет саласының қызмет­керлерімен өткен кездесуде рефе­рендумның мән-маңызы жөнінде кеңінен әңгімеленді. Сондай-ақ белсенді қоғам өкілдері маңызды бастаманы қолдауға шақырып, ұсы­ныс-пікірлерін ортаға салды.

«Референдум әрбір азамат­тың билікке араласуын, биліктің халыққа қызмет етуін, екеуінің ара­сында алшақтық болмауын негізге алып отыр. Бұл – Үкімет әділ, шынайы әрі ашық болсын деген қағидадан туындаған ше­шім. Жалпы, елдің өркендеуіне әрқай­сымыз үлес қосуы­мыз керек», деді республи­калық штаб мүшесі Д.Қыдырәлі. Ал Түр­кістан жоғары медициналық коллед­жін­де медицина саласы­ның қызметкер­лері және студент­терімен кездесу ашық диалог негізінде өтіп, бүгінгі күні ма­ңызға ие болып отыр­ған ре­ферендум жайы сөз болды. Конс­титуцияға өзгерістер енгізі­­летін 33 баптың әр тармақ­тарында көрсетілген салалық заң­дарға жекелей тоқталған Дархан Қыдырәлі олардың ба­­сым бөлі­гі негізгі тар­мақ­тарға яғни мем­лекеттік басқару, құқық­тық және саяси жүйеге қатыс­ты екенін атап өтті. Қаты­су­­шы­лар­ды алдағы уақытта жо­лы­­мыз­ды айқындайтын жаңа баста­малардан қалыс қалмай, қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды. 

Республикалық және облыс­тық штаб мүшелері Сайрам аудан­ында бірқатар елді мекен­ді аралап, тұрғындармен кез­дес­ті. Аудан тұрғыны Низам­хан Сүлейменов банктен 6 млрд теңге несие алып, өз қара­жа­тынан 1 200 орындық 4 мектеп­тің құры­лысын жүргізуде. Бұл әлеу­мет­тік салаға толықтай жете бер­мейтін мемлекеттік бюджет үшін айтарлықтай көмек. Штаб мүшелері соның бірі – Ман­­кентте салынып жатқан мектеп құры­лысымен танысты. Мек­теп жаз айы­ның соңында пай­далануға беріліп, оқушыларды қабылдайды деп жос­парлануда.

Кездесулерде негізінен 5 маусымда өтетін Конституцияға өзге­рістер енгізу жөніндегі рефе­рен­дум туралы айтылды. «Бұл ре­ферендумның орны бөлек. Пре­зи­денттің өкілеттігін бөлісу, Парла­менттің және соттың ық­палын күшей­ту, сайлау жүйесін нақтылау­мен ерекшеленуде. Кез­десулерде Конс­титуциялық түзетулерге қатыс­ты жақсы ұсы­ныс-пікірлер айтылды. Жал­пы, Түркістан жұртшы­лы­ғы­ның референдумға деген үлкен қызы­ғушылығын көрдік. Бел­сенділігін байқадық», дейді рес­пуб­ликалық штаб мүшесі. Жиын қаты­су­шылары тарапы­нан да өзекті тақырыптар қозғалып, Д.Қыдыр­әліге ұсыныстар айтыл­ды. Мә­селен, «Манкет агро 2020» атты ірі ауыл шаруашылық өн­ді­ріс­тік кооперативінің төрағасы Батыр Анарметов шаруа қожа­лық­­тарына субсидия бөлуге қатыс­ты кедергілерді баяндады. Ал Қа­ра­бұлақ ауылындағы №100 мек­­тепте өткен кездесуде мек­теп ұжымы, жалпы, ауыл тұрғын­дары­ның елдегі саяси реформаларды ерекше үмітпен қарсы алып отыр­ғаны аңғарылды. Ауыл халқы, мұға­лімдер мен дәрігерлер жоспарланып отыр­ған саяси реформаларға оң көз­қарастарын білдірді. Кезде­сулерге облыстық мәслихат депу­таттары да қатысып, Жаңа Қа­зақстанның іргетасы іспеттес рефе­рен­думды қолдауға үндеу жасады.
 
Түркістан облысы
23 мамыр 2022 ж. 281 0