№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдумға қатысты ғалымдар мен заңгерлер пікірі тыңдалды

Референдумға қатысты ғалымдар мен заңгерлер пікірі тыңдалды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығын қолдау мақсатында ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева өңіріміздегі ғалымдар және заңгерлермен кездесу өткізді.

Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова мен бірқатар штаб белсенділері қатысып, жалпыхалықтық референдум туралы, дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді.

«Басты мақсат – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек, – деді Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева.

Сондай-ақ отырыста қатысушылар еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды.

Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы.

«Бұл референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Ел тұрғындары мемлекетті басқару процесіне араласа алады. Референдумға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн болмақ.» деді облыстық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова.

Республикалық штаб өкілдерімен жоспарланған жұмыстар алдағы күндері де жалғасады.
15 мамыр 2022 ж. 448 0