№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Нотариаттық қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтырулар

Нотариаттық қызмет саласындағы өзгерістер мен толықтырулар

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Осы заң аясында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.
Осылайша, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
Заңының 92-2 бабы 3-тармақпен толықтырылды: жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы шарттарды орындау жағдайларын қоспағанда, атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.
Бұған дейін, өндіріп алушы өндіріп алушы мен борышкердің орналасқан жеріне және жазба бойынша атқару орнына қарамастан, кез келген нотариусқа жүгіне алатын.

Сабит Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы басшысының м.а
19 мамыр 2022 ж. 263 0