№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада «Toyota Land Cruiser 200» көлігін ұрлағандарға іздеу жарияланды

Қызылордада «Toyota Land Cruiser 200» көлігін ұрлағандарға іздеу жарияланды

Қызылордада белгісіз біреулер гаражда тұрған «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаменті.
Оқиға түнгі уақытта болған. Жедел іздестіру шараларының барысында қылмыс жасаған күдіктілердің бірінің бейнесі сыртқы бақылау камерасына түсіп қалғаны анықталды. Дегенмен, полиция көлік ұрлаған күдіктілерді әзірге қолға түсірген жоқ.
«Аталған қылмыстық оқиға бойынша білетіндер және күдіктіні танитын азаматтар болса Қызылорда облыстық Полиция департаментіне хабарласуын сұраймыз. Ақпарат бергендер туралы мәліметтер жарияланбайтынына кепіл береміз. Сондай-ақ, Қызылорда ОПД Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі - қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылатынын хабарлайды», - делінген Полиция департаменті таратқан ақпаратта.
13 тамыз 2019 ж. 1 079 0