№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН БАСШЫСЫ КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ КОЛЛЕДЖ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ






Жаңақорған аграрлы - техникалық колледжінің ішкі тынысымен танысу үшін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов арнайы келді.
Әуелгі таныстыруды оқу корпустарынан бастады. Колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы Шауенов "Жас маман" жобасына жасақталған кабинеттер мен оқыту - технологиясын таныстырды.

- Біздің басты жаңалығымыздың бірі 2020 жылы "Жол картасы" жобасы аясында тарихы терең оқу орнына 60 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген колледжімізге Республикалық бюджеттен 500 303 мың теңге бөлініп түбегейлі күрделі жөндеуден өтті. Екінші жақсы жаңалығымыз 2021 жылы Республикалық маңызы бар "Жас маман" жобасына еліміз бойынша 795 оқу орны қатысып, оның ішінен 180 таңдалса, соның қатарына біздің колледж енгізілді . Бұл - біз үшін үлкен жетістік болды. Нәтижесінде колледждің материалдық базасын жаңартуға Республикалық бюджеттен 320 млн теңгеге "Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" және "Дәнеркерлеу ісі" мамандығына соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталды. Оқу процесіне арналған автокөлік, виртуальды көлікті басқарушы тренажеры, автомеханика саласына арналған диагностика, көлік моторының ақауын анықтайтын диагностика, токарлық станоктар, желдеткіштегі ақауды анықтайтын диагностикалық аппараттар алынды. Ақпараттандыру кабинетіне 26 моноблок компьютері сенсорлы экран тақтасы толықтай соңғы технология мен жабдықталды, - деді колледж директоры Жомарт Абибуллаұлы.

Әрі қарай аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы студенттер жатақханасын, кітапхана оқырман залы мен АКТ зал, 200 орындық заманауи асхананы, "Тігін шеберханасының" оқу процесімен танысты. Атқарылған жұмыстарды көріп, колледж ғимараты ауласындағы тазалық жұмыстары мен абаттандыруға өзіндік бағасын берді. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы керемет бастамалардың
атқарылған жұмыстары көзге айшықтай көрініп тұрғандығын айта өтті. Ұстаздармен студенттер мен пікір алмасып шәкірттерімізге білім сапасын арттыруға бағытталған игі қадамдарыңыз жалғасын таба берсін. Соңғы үлгідегі оқу құралдарын пайдалана отырып, білім алушылардың білім сапасын котеріп оқуға деген қызығушылығын арттырып нағыз маман даярлай отырып қоғамға оң серпіліс беріп кәсіпорындарда нағыз мамандығын шыңдай білу керек деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

Аудан әкімі осылайша колледж ұжымына және студенттерімізге сәттілік тілеп, оң бағасын берді.
29 сәуір 2022 ж. 469 0