» » Судьялардың семинар сабағы өтті

Судьялардың семинар сабағы өтті

Жаңақорған аудандық сотында Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің «Жалпы ережелері» және Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері бөлімдерінің талаптары тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судьялар И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Семинарда судья Э.Рысқұлов баяндама жасап,2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, аталған кодекс 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгенін және осы кодекстің қабылдануы-біздің еліміздегі елеулі оқиға екенін айтты.
Судья баяндамасында Кодекс - мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін, сондай-ақ, әкімшілік рәсімдердің негізгі міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылатынына тоқталды.
Сондай-ақ Кодекс-құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тің сенімді тірегі десек те болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі өзара екі байланыс нысандарының қызметін, яғни әкімшілік актіні қабылдау рәсімі мен оны даулау процесін көрсететінін айтып өтті.
Сонымен қатар судья Э. Рысқұлов әкімшілік әділетті енгізу құқықтық мемлекетті дамытуда маңызды қадам болуға және Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін неғұрлым жоғары деңгейге көтеретінін атап өтті.
Семинарға қатысушылар Жаңа Кодекс аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
25 сәуір 2022 ж. 228 0