ДАУ АДВОКАТТАРДЫҢ ЖӘРДЕМДЕСУІ МЕН РЕТТЕЛДІ

Осыған дейінгі жазбаларымызда Қазақстан Республикасының Азаматтық процсетік Кодексінде татуластыру рәсімдерінің үш түрі көзделгенін жазған болатынбыз.
Естеріңізге салсақ, олар:
татуласу келісімін жасау, яғни дауласушы тараптардың өзара татуласып, дауды бейбіт жолмен реттеуі;
дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау, яғни аты айтып тұрғандай дау кәсіби немесе кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен келісім жасау арқылы шешіледі;
партисипативтік рәсім тәртібімен келісім жасау. Бұл жағдайда дауласушы тараптар адвокаттарының немесе заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын тұлға-өкілдерінің жәрдемдесуімен татуласады.
Талап қою сотқа түскеннен бастап судьялар дауласушы тараптарға азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі-тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу екенін, татуластыру рәсімдерінің түрі, келісімдер жасасу, татуласудың тиімділігі мен артықшылығы, оның құқықтық салдарын түсіндіреді. Сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шешім қабылдау үшін кеткенге дейін, яғни істің кез келген сатысында татуласуға жол берілетініне назарларын аударады.
Жазбамызға арқау болып отырған азаматтық іс-осы апта ішінде Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен бейбіт жолмен реттелген дау болып табылады.
Талап қоюшы сотқа жауапкердің өзінен автокөлігін оның құнын жартылай төлеп, қалған ақшаны бір ай ішінде төлеуге міндеттеніп, алып кеткенін, алайда белгіліленген уақытта аталған соманы төлемей, өзін әуре сарсаңға салып жүргенін негіздеп, оның заңсыз иелігінен автокөлігін қайтаруды сұраған талап қоюмен жүгінген.
Жауапкер талап қоюды мойындап, талап қоюшының автокөлігінің құнын уақытылы төлей алмағаны рас екенін, егер ол мүмкіндік берсе, жуық арада қалған сомасын төлеуге қарсы емес екенін білдірді.
Істі сотта қарау барысында тараптардың адвокаттары К.Жусупов пен Г.Увайдаева оларға дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесті. Осы негізде тараптар арасында дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, сотқа бекіту үшін ұсынылды.
Аталған келісімге сәйкес талап қоюшы жауапкерден автокөлікті заңсыз иеліктен қайтару жайлы талап қоюынан бас тартты. Өз кезегінде жауапкер талап қоюшының пайдасына автокөлікті сату құнынан қалған 550000 теңге көлемінде қарыз сомасын 2022 жылдың мамыр айының 25-не дейін төлеуге міндеттенді.
Сот тараптар арасында жасалған келісімнің шарттарын зерттеп, келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтады.
Осы негізде аудандық соттың ұйғарымымен тараптар арасында жасалған дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, тиісінше азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Дау татуластыру рәсімдері аясында аяқталғандықтан талап қоюшыға оның сотқа талап қоюмен жүгіну барысында төлеген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.
Осылайша, дау тараптары ұзаққа созылатын сот процестерінен, сот шығындарынан арылып, дауды қысқа мерзімде, екі тарапқа да қолайлы шешілуіне қол жеткізді.
Осы орайда, дау туындаған жағдайда бір тарап ұтылып, екінші тараптың жеңіске жетуі немесе іс бойынша тек сот шешімін шығару арқылы дауға нүкте қойылатыны жайлы ұғымның ескі екенін айтқым келеді.
Себебі таталастыру рәсімдерін жүргізу нәтижесімен жасалған татуласу келісімі, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған келісімдерді тараптар онда белгіленген мерзімде өз еркімен орындайды. Ал ерікті түрде орындамалған келісім аталған келісімді жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.
Ұзаққа созылған тартыстан ортақ келісім әлдеқайда ұтымды деп санайтын, татуласудың, бітімге келудің пайдасының көп екенін дауласушы тараптарға түсіндіріп, дауды тиімді шешудің жолын табуға көмектесетін адвокаттардың, заң консультанттары палатасының мүшелері-заңгерлердің көбейіп келетіні көңіл қуантады.
Татуластыру рәсімдері сот жүйесіндегі жүктемені азайтып ғана қоймай, қоғамды бірліке шақыратынын, ал бірлік бар жерде татулық орнайтынын айтқым келеді.
Әлия ТҮБЕКБАЕВА