№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕЛІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕЛІ


«Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмегін алып жұмыс істеген «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» бүгінде экологиялық жоба аясында өз қорытынды есебін берді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден баяндады.
Олар бағдарлама аясында АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасын ұйымдастырды. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді.
«Жобаның мақсаты – Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдар мен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалар мен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру», - деді Анар Жарылқасынқызы.
Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметші өкілдерінің арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер, экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Алдағы уақытта, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарында экологиялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынбақ. Сондай-ақ, қолға алған істерді жалғастыру мақсатында халықаралық ұйымдарға да экологиялық жобалар әзірленіп, ұсынылады.
29 сәуір 2022 ж. 430 0