№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкіметтік емес ұйымдар – қоғам ұйытқысы

Үкіметтік емес ұйымдар – қоғам ұйытқысы

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бұл шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет». Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында атқаушы билікке қарата айтқан сөзі. Жолдаудағы міндеттерді сапалы жүзеге асыру жолдары «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарын қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» атты облыстық форумында талқыланды.


Аудандық кітапханада өткен шарада облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов сөз алып, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлін сөз етті. Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының төрағасы Анар Ізден облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау жасап, олардың мәселелерін айтты. Төрағаның сараптамалық талдауынан облыстағы көптеген ұйымдардың қаржылық мәселелері шешілмегені, 45 пайызында жұмыс кеңсесі жоғы, қызметкерлерінің айлығы қаралмағаны, еріктілердің еңбегіне тәуелділігі барын жасырмады. Міне, осы тұста үкіметтік ұйымдарды қалай қаржыландыруға болады? Олардың белсенділігін арттыруға мемлекеттен қандай қолдау бар? Осы сауал төңірегінде Анар Ізден түсіндірді. Қысқасы, үкіметтік емес ұйымдар ең алдымен тіркеліп, облыстағы орталыққа келіп жұмысты жүргізу туралы толық кеңесті тегін ала алатынын айтты.
Облыстағы ең белсенді үкіметтік емес ұйымдардың бірі Қазалы ауданында өз қызметін жасауда. Форумда Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсікбаева өзінің атқарған қызметімен бөлісіп, табиғатты қорғау бағытында тындырымды тірлігімен таныстырды. Қазалы ауданында балық шаруашылығын дамытып, майшабақтардың жойылып кетпеуі үшін құтқару қызметін ұйымдастырып, Дүниежүзілік банктен айтарлықтай қолдау көріп жүргенін жасырмады. Оның шапағатқа толы шаруасына қолғабыс етіп, ортақ табиғатты аялауға белсенділік танытып отырған жергілікті билік пен қарапайым халық екені де даусыз. Балықтың тұқымы құрып бара жатқан түрлерін сақтап қалып, оны жеке жайларда көбейтіп, кейін көлдерге жіберіп, өңірдің балық шаруашылығына дем беріп отырған кәсіпкер Шынар Женсікбаеваның ізденіске толы ісі көпке үлгі болары сөзсіз. Мұны форумға қатысқандар да қолдап, Жаңақорғанға осы шаруашылықты ұйымдастыруды ұсынды.
Қоғамның өзекті мәселерін арқау еткен облыстық форумда Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова тың идеяларды жүзеге асырып отырған әлеуметтік кәсіпкер екенін дәлелдеді. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орын тауып, бір кәсіп иесі болуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жоғын алға тартады. Осы кемшілікті толықтыру мақсатында «Шапағат» балабақшасында жас ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне сай әр балаға бір істі игеруге жұмыс жасап жатқанын айтты. Оның мейірім мекенінде 3 топ бойынша 90-ға жуық бала тәрбиеленуде. Ерекше жағдайдағы балалармен жұмыс жасаудағы мәселелер мен мектепке қабылдау кезінде қиындықтар барын да айтты. Қоғам осындай балаларды қабылдауы үшін адами көзқарасты дұрыстау әрбір азаматтқа артылған міндет. Мектеп те, ата-аналар да, достары мен ұстаздары да мұндай ерекше балаларды кемсітпей, көпшілікпен бірге оқуға тең құқылы екенін естен шығармаса игі.
Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновтер азаматтық қоғам институттарын дамыту аясындағы атқарылған жұмыстарын сөз етті. Ауданда 89 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ең ауқымдысы ардагерлер ұйымы. Бұл ұйымның әрбір мекемеде штабы мен жұмыс кабинеттері бар. Осы секілді қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген «Жаңарған Жаңақорған Жастары», «Ұрпақтан ұрпаққа», «Жастар ресурстық орталығы», «Ақбаян» әйелдер қоғамы тағы басқа да ұйымдардың атқарған жұмыстарын талқылады.
Форум соңы қатысушылардың еркін пікіралмасуына ұласты. Сөз жарыста аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Файзулла Сахиев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының саяси кеңесшісі Серік Абыдынұлы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық қорының төрайымы Әзия Қыстаубаева, «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілерінің белсенді мүшесі Нұрхан Айдаров көкейдегі келелі мәселерінін айтып, ортақ мүдде жолында азаматтық ұстанымын арнайтындарын айтты.

ТҮЙІН. «Әділетті қоғам» құру үшін ең алдымен әділдікті ту еткен ұйымдарды іріктеп, қоғамға қажеттілігін саралап, електен өткізгендей етіп, ең жарамдысын сұрыптау қажет-ақ. Мемлекет қаржысын көздемей, ел қамы мен тыныштығын тілеген ел ұйытқыларын халық өзі-ақ төбесіне қояры даусыз. Сонда ғана нағыз «халықтың үніне құлақ асатын қоғам» қалыптасары сөзсіз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
27 қыркүйек 2020 ж. 923 0