Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ақыл тісті жұлуға бола ма?

Ақыл тісті жұлуға бола ма?


Халық арасында ақыл тіс туралы түрлі аңыз бен пікір қалыптасқан. Бірі ақыл тістің адамның ақылы толысқан шақта шығатынын айтып, оны жұлуға болмайтынын алға тартса, енді бірі ақыл тістің адамға ешқандай пайдасы жоқ деген пікірде.
Алдымен ақыл тіс туралы маманның пікірін білгеніміз абзал.
–  Ақыл тіс адам ағзасында соңынан шығатын тіс. Ол 16-17 жастан кейін шыға бастайды. Көбіне ақыл тістер тез құрттап, асқынуға бейім келеді. Аяғы ауыр келіншектерде де осы ақыл тіс құрттап, мазасын алады. Уақтылы ем жасамаса, кері әсерін көрсетіп, ол сүйектің ең қатты массивінде орналасады. Құрт түскен бастапқы кезде ғана емдеуге келеді. Қалған уақытта тек жұлып тастауға кеңес береміз. Кей адамдарда жетінші тіске тіреліп тұрады. Ондай уақытта хирургиялық ота жолымен алып тастаймыз, – дейді аудандық емхананың стоматологы Бибігүл Мәтешова.
Жалпы, халық арасында ақыл тіс туралы түрлі пікірлер бар. Мәселен, кейбірі ақыл тісті бірден жұлып тастау керек деген пікірде. Олардың ойынша ертеректе ата-бабамыз қатты заттарды көп тұтынатын болған, қазіргі заманда ешкім қатты тағамдарды шайнамайды сондықтан оның қажеті жоқ деген ой қалыптасқан.
Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары көп адамдарға ақыл тіс шықпайтын болған. Дегенмен, ақыл тіс шығып, оның ешқандай кедергісі болмаса оған тиіспеген жөн. Сау ақыл тістердің протез бекітуге көмегі тиеді. Алайда ақыл тістің 85 пайызы дұрыс шықпайды. Ол қызыл иектің ішіне немесе өзге тістің астына шығуы мүмкін. Салдарынан ұрттың шырышты беті зақымдалып, тістің қызыл еті ісіп, тістер бір-бірінің үстіне шығады.
– Ақыл тістің шығуы кезінде жайсыздықтар болса бірден дәрігерге көріну керек. Тіс пайда болу уақытында тістің түбі толық қалыптаспағандықтан жұлу кезінде асқыну қаупі төмен болады. Әсіресе, шаншып ауыру, ірің, қан кету, есту мүшесіне де әсерін тигізіп, бетті қатты ісуі мүмкін. Мұндай белгілер тістің патологиясы бар екенін білдіреді, – дейді тіс дәрігері.
Ескеретіні, бүтін және қолайсыздық тудырмайтын, толықтай түзу өсіп шыққан, тіс тазалау кезінде кедергі жасамайтын, жақ сүйектерінде дұрыс орналасқан ақыл тісті жұлдырудың қажеті жоқ. Бірақ кейбір стоматологтар ақыл тістерді уақыт өте келе проблема тудыратын, түбінде жұлып тастауды қажет ететін артық тістер деп есептейді.
 Айта кетсек, адам ағзасында ақыл тістен де бөлек рудименттер бар. Мысалы, соқырішек немесе құлақты қимылдатуға арналған бұлшық еттер. Дәрігерлердің айтуынша, рудименттер қолайсыздық тудырмаса, оларға тиіспеген жөн.
Айсұлу
Ажанханқызы
 
17 сәуір 2022 ж. 843 0