№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зерттеу: Музыканы даңғырлатып тыңдау ақыл-ойды кемітеді

Зерттеу: Музыканы даңғырлатып тыңдау ақыл-ойды кемітеді


Kyzylorda-news.kz. Музыканың дауысын қатты қойып тыңдайтын адамдарда құлақ ауруы ерте жастан пайда болады. Ал бұл ақыл-ойдың нашарлауына әкеледі. Осылай дейді АҚШ Акустика қоғамының мамандары.

Мамандардың айтуынша, әуеннің дауысын 70 децибелден асырып тыңдауға болмайды. Яғни, 70 децибел дегеніміз – әуеннің орташа дауысы. 50 пайыздық дауысы. Мұны кез келген гаджет пен компьютерден дыбыс ұлғайтқышынан көресіз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде мынандай бір дерек келтірілген. 12-35 жас аралығындағы балалар мен жастардың жартысына жуығының құлағы ауырады екен. Басты себеп – даңғыр-дұңғыр музыканы көп тыңдау.
Ал ғалымдардың айтуынша, құлақтың естуі нашарлаған сайын адамның ақыл-ойы да кеміп, деменция ерте басталып кететін көрінеді. Мәселен, 2011 жылы Jama Neurology журналында жарияланған зерттеуердің бірінде есту қабілетінен айырылған адамдардың ойлану деңгейі екі есе төмендеп кететіні айтылған. Ғалымдар үшін 639 адамды зерттеуге алып, 12 жыл бойы бақылағаннан кейін, пациенттердің жағдайына қарап осындай тұжырымға келген.
Есту қабілетінен аздап айырылған адамның өзі ақыл-ойы үш есе, құлағы естімей қалғандардың ақыл-есі бес есе төмендеп кететін көрінеді.
Massaget.kz
20 маусым 2021 ж. 347 0