» » «Болашақ» бағдарламасына 23 техникалық ЖОО қосылды

«Болашақ» бағдарламасына 23 техникалық ЖОО қосылды


«Болашақ» бағдарламасы аясына білім алуға болатын университеттердің тізіміне тағы 23 жетекші техникалық ЖОО қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға арналған жоғары оқу орындарының тізімі әлемнің 23 жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен толықтырылды. Олардың қатарында Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер Университеті, Пхохан ғылым және технологиялар университеті, Дрезден техникалық университеті және басқалары бар. Жыл сайын жоғары оқу орындарының географиясын кеңейтетінімізді атап өткім келеді. Тек өткен жылы тізім Австрияның, Чехияның, Ирландияның және Оңтүстік Африканың шетелдік жоғары оқу орындарымен толықтырылған еді», деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин.
Жоғары оқу орындарының толық тізімімен «Болашақ» сайтында танысуға болады.

14 сәуір 2022 ж. 370 0