Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі бұқара мен биліктің байланысын нығайтпақ
Жаңақорған аудандық сотында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен қызметкерлері қатысты.
Шара барысында кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева семинарды ашып, аталған тақырып бойынша түсіндірме берді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйе арқылы өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатынын, осы жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізілетінін ескеріп, өтініштерді қарау тәжрибесін қалыптастыратынын айтты.
Сондай-ақ «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі әкімшісінің нұсқаулығына сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанын, жүйе бойынша негізгі рөлдерін, жүйе бойынша жұмыс істеу жайлы және өткен жылдың 1-шілдесінен бастап, Жаңақорған аудандық сотында «Е-өтініші» арқылы 4 арыз тіркелгенін, ал ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін 1 арыз тіркеліп, жауаптары берілгенін айтып өтті.
Шара соңында қатысушылар аталған тақырып негізіндегі нұсқаулыққа сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы орындауға беру мәселелерін кеңінен талқылап, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі