» » Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары жайлы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман А.Нысанбаева баяндама жасап, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары жайлы» заңда көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылғанын, бұдан басқа, жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудын негізгі аспектілері берілгені жөнінде айтып өтті.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілетіндігіне, мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделгенін, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін және мемлекеттік қызметшілерді осы заңмен танысуға және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын қатаң сақтауға шақырды.
Семинарды қортындылай келе мемлекеттік қызметшілердің аталған заң талаптарын қатаң сақтау жайлы ескертілді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
03 тамыз 2020 ж. 545 0