№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқық сауаттылығы қоғамды дамытады

Құқық сауаттылығы қоғамды дамытады


Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының кезекті жиыны Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жалпы профилактикалық шараларының 2021 жылғы 3 айдың қорытындысына арналды. Бұл тақырыпта жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Е.Әлімбеков хабарлама жасады. Комиссия мүшелері осы тақырыпта одан әрі аудандық білім басшысы Б. Ибрагимовты тыңдады.


Қазіргі таңда ауданда білім беру ұйымдарында 41 қолайсыз отбасы балалары, 93 мектепішілік бақылауға арналған балалар бар екендігі, аталған санаттағы балалармен жүргізілген тәрбие жұмысы туралы ортаға салынды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдерінен ерікті топ құрылып, кешкі және түнгі мезгілде көшеге, түрлі қоғамдық-көпшілік орындарға ішкі істер органы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейд нәтижесінде қаңтар-ақпан айоарында ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 200, 132 және 133-ші баптары бойынша жасөспірімдерге алкоголь, темекі өнім­дерін сату фактісі анықталмаған.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының және әлеуметтік қызмет алу құқықтарының сақталуы туралы баяндаған бөлім басшысының айтуынша білім беру ұйымдары бойынша мүм­кіндігі шектеулі үйден оқитын 156 оқушы бар. Аталған балалармен тұрақты коррекциялық дамыту жұмыс­тары жүргізілкуде. Сондай-ақ ауданда аутизмге шалдыққан 5 баламен педа­гогикалық-психологиялық түзету каби­неті ммандары жұмыс жасауда. Осы ретте бір түйткіл, ата-ана 0-ден 3 жасқа дейінгі кезеңде бала денсаулығындағы ақаулыққа жіті көңіл бөлмегендіктен асқынуға жол беріп алады. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар АХАТ бөлімінің басшысы Ж. Мырзалиев мүмкіндігі щектеулі он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметінің сапасы мен тиімділігі жөнінде, оған қажетті әлеуметтік қызметтер кешені және қаралған қаржы көлемі жөнінде хабардар етті.
Келесі кезекте «Мектеп оқушы­ларының құқықтарының сақталуы» бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде №194 жалпы орта мектебі директоры Мұхтар Шалысбаев және №256 мектеп директоры Бағдәу­лет Айтмұратовтың хабарламалары тыңдалды. Осы жерде екі директордың да оқушы құқығын сақтауда сынып ішілік тәрбие жұмыстарынан бөлек ұстаз мәртебесі мен мектеп ережесін мезгіл мінберіне сай жетілдіру талаптарындағы кемшіліктері ескертілді. Мектеп дирек­торы білім ошағының тыныс-тіршлігін үйлестіретін менеджер ретінде мейлінше тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету керек. Бұл талапқа бей-жай қараушылық жауапкершілікті төмендетіп жіберетінін көптің қаперіне салған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев бұл мәселеде нәтиже талап ететінін ескертті. Комиссияда қаралған мәселелер бойынша мамандар кеңесі талқыланып, ортақ шешімге келді.

Баян Алаудинқызы
21 сәуір 2021 ж. 752 0