№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Төл газетімізге рахмет айтамыз!

Төл газетімізге рахмет айтамыз!

Алғыс айту – атаулы күніне орай аудандық Оқушылар үйінің Ақнұр Мадалиева жетекшілік ететін «Жібек елі» үйірмесінің жауқазын бүлдіршіндері аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясына арнайы келіп, қаламгер аға-апаларына өздерінің жүрекжарды тілегін білдірді.
Балауса балғындар қатарында Жәудір, Қызғалдақ, Гүлсезім, Ұлдана, Перизат, Ұлбала сынды жеткіншектер қауырсын таланттың қарымын ұш­тап, газеттің «Шамшырақ» бетінен өздерінің төл туындыларын көргісі келетінін айтты.
«Жібек елі» үйірмесінде жас талаптарды түрлі өнерге баулуға маңыз беріледі. Кішкентай жауқазындар өздері дайындаған бол бармақтарынан төгілген тәтті тортты шай ішуге ұсынған ілтипатына  редакция қызметкерлері де мол алғысын жаудырып, келешектеріне сәт-сапар тіледі.
Алғыс айту – үлкен мен кішіні, алыс пен жақынды ауызбіршілікке, берік  ынтымақтастыққа жетелейтін қасиетті үрдіс. Қазақ елі ата-бабадан келе жатқан осы үрдісті ұлық тұтуды мақсат етеді.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
08 наурыз 2022 ж. 421 0