МЕДИАЦИЯ-МӘМІЛЕ АЛАҢЫ
Бүгінде түрлі дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей бітімгершілік тәртібімен шешу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді.
Судьялар мен кәсіби медиаторлардың айтуынша тараптардың медиация тәртібімен өзара татуласуы өздеріне тиімді.
Қара қылды қақ жарып әділ төрелігін айтқан, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтап, жер дауы, жесір дауын шешіп отырған билердің орнын қазір медиаторлар басты.
Бітімгерлердің басты мақсаты-дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей немесе сот процесінде тараптарды өзара бітімге келтіру.
Жоғарыда айтылғандай сөзімізге түрткі болып отырған мәселе Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі талап қоюшы О-ның жауапкер Ж-дан некені бұзу жайлы азаматтық ісі қаралып және тараптардың медиация тәртібімен өзара татуласуына байланысты азаматтық іс тоқтатылды.
Сотта тараптарға татуласу үшін екі ай мерзім белгіленген.
2022 жылғы 16 ақпандағы сотқа жолдаған өтінішінде талап қоюшы қазіргі уақытта жауапкермен медиация тәртібімен татуласып, отбасы болып өмір сүріп жатқанын, осы негізде талап қоюынан бас тартатынын көрсетті.
Аудандық соттың ұйғарымымен талап қоюшы О-ның талабынан бас тартуы қабылданып, жауапкер Ж-мен некені бұзу жайлы азаматтық ісі бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.