№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СОТҚА"ДЕЙІНГІ ХАТТАМА" ИНСТИТУТЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

СОТҚА"ДЕЙІНГІ ХАТТАМА" ИНСТИТУТЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне «сотқа дейінгі хаттама» бойынша өзгертулер қолданысқа енгізілді.
Осы ретте аудандық сотың ұйымдастыруымен соттың мәжіліс залында аудандық сот судьялары, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары, кәсіби медиаторлар мен жекеше нотариустардың қатысуымен «сотқа дейінгі хаттама» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева қатысушыларға 2021 жылдың соңында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын және бұл азаматтық даулар бойынша істің мән-жайын толық ашып, баға беруге кепілдік беретінін айтты.
Сондай-ақ қолданысқа енгізілген бұл жаңашылдық заң үстемдігін қамтамасыз етуді, азаматтардың құқығын мінсіз қорғауды, тараптарды әуре-сарсаңнан құтқаруды және дауларды татуластыру тәртібімен шешуді көздейтінін түсіндірді.
Шара қорытындысы бойынша қатысушылар аталған тақырып бойынша өздерін толғандырып жүрген түрлі сұрақтарын ортаға салып, өзара пікір алмасып, шараны ұйымдастырған аудандық сот судьяларына жан-жақты және өзекті ақпараттары үшін алғыстарын білдірді және татуласу институтын дамытуға және дауларды шешуде балама тәсілдерді қолдануға өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін көрсетті.
Дала заңына сай қара қылды қақ жарған билер де жауласқан екі жақты бір мәмілеге келуге шақырып, дауды бітімгершілікпен аяқтауға тырысқан. Дау туындаған жағдайда сот арқылы жаға жыртысудың жолын емес, моральдық және материалдық ауыртпалық келтірмейтін татуласудың мүмкіндігін қолданған анағұрлым тиімді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
25 ақпан 2022 ж. 272 0