№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық көлік тұрақтанды

Қоғамдық көлік тұрақтанды


Күнделікті күйбең тірлікте қалтаңызды қағып түсер таксиге жүгінбей-ақ көздеген межеңізге уақытылы жетуде қоғамдық көліктің пайдасы зор. 
Бірақ көлік қозғалысы көңілден шыға ма? Кент ішінде қай бағытта, қанша көлік бөлінген және олардың қазіргі хал-ахуалы жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығынан сұрап көрдік.
ҚР Үкіметінің Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы қағидасына сәйкес, жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік 3 бағыт және 3 кентішілік бағыттар бойынша тұрақты тасымалдау қызметі қалыптасқан. Ауданда жолаушы тасымалдауда 2 дара кәсіпкер қызмет көрсетеді. Олар: ДК «А.Шайхов» және ДК «Ж.Абишев».
Қоғамдық маршрут ауданішілік ба­ғыттарға: Жаңақорған – Билібай – Бай­кенже, Жаңақорған – Қаратөбе – Қандөз, Жаңақорған – Талап ауылдарына жүреді. Ал кентішілік бағыттардан Қорғантоғай – Саяжай, Жаңа-ауыл – Майбекеті, Алтынсарин – Ипподром мөлтек ауданы бағытында қатынайды.
Әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасы­малдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қа­ғидасына сәйкес, тасымалдаушылар шығындарын өтеуге демеу қаржы ( күнделікті тұтынатын жанар-жағармай, жалақы қорлары, автобустардың күтіп-ұстау т.б) шығындарына қаралады. Биылғы 2022 жылға бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға – 20078,0 мың теңге жоспарланып отыр, – дейді жауапты мекеме басшысы Қайрат Сапарбаев.
Қоғамдық көліктің қызметіне жүгініп жүрген тұрғындарды сөйлетіп көрген едік, бәрінің ойы бір жерден шықты.
– МАИ бекетінен орталыққа жету үшін көлікті жарты сағаттан артық күткен жағдайлар жоқ емес. Бұл жағдайда балалар сабағына, үлкендер жұмысқа кешігеді. Ал күнделікті бірнеше мәрте таксидің қызметіне жүгінуге бәрінің шамасы жете бермейді. Тендерді жаңадан жеңіп алғандар енді жан-жақты елдің талабынан шығуға тырысу керек. Қоғамдық көліктердің санын көбейтіп, аралығын жиілетсе екен деген тілегіміз бар, – дейді Сержан Серіков.
Жауапты мекемеден кентішілік қо­ғамдық көліктердің күнделікті жасайтын рейс саны 11-12 айналымға және әр бағыттағы көліктер санының 4 шағын автобусқа есептелгенін білдік. №3 Ипподром-Алтынсарин бағытындағы қоғамдық көлік (1 рейс қашықтығы 15 км) маршруттың аралық минуты 15 минутқа. №2 Жаңауыл-МаИбекеті бағытындағы қоғамдық көлік (1 рейс қашықтығы 21 км) маршуттың аралық минуты 20 минутқа. №1 Қорғантоғай-Саяжай бағытындағы қоғамдық көлік (1 рейс қашықтығы 20 км) маршруттың аралық минуты 20-22 минутқа есептелген. Тұрғындарды тасымалдауда күнделікті 170-180-дей жолаушы осы қоғамдық көліктің қызметіне жүгінеді екен.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бөлім басшысы Қайрат Әбдірахманұлы былай дейді:
– Қазіргі уақытта тұрғындар қоғам­дық көліктен гөрі такси қызметіне көп жүгінуде. Кенттің әкімшілік аумағы кеңейіп, территориясы ауқымды бола түсті. Транспорттың кешігуіне түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Соның ішінде техниканың бұзылып қалуы және т.б жағдаяттар кіреді. Әйтсе де көліктердің  күнделікті уақытылы жүруін қадағалап отырамыз. Сондай-ақ бүгінде Қандөз, Бесарық, Қыркеңсе, Байкенже ауылдық округіне маршрут жүреді. Қандөз бен Бесарыққа аудан орталығынан 13.00-де шығып, ертесіне таңертегісін қайтады. Жолақысы – 400 теңге. Сол ауылға дейінгі елді мекен тұрғындары қатынайды. Қыркеңсеге таңертең және түскі уақытта, Байкенжеге күніне 3 мезгіл қатынайды. Билет құны – 300 теңге, – дейді ол.
Бүгінде аудан халқының демографиясы көтеріліп, күн санап аудан аумағы үлкеюде. Осыған орай халықтың қоғамдық көлікке деген сұранысы артты. Тұрғындардың талап-тілегіне сай қоғамдық маршрут уақытымен жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.
Рауза ӘЗІЛХАН
27 ақпан 2022 ж. 258 0