№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛА ҮШ ЖАСҚА ТОЛҒАНША АНАСЫНА АЛИМЕНТ ӨНДІРІЛДІ

БАЛА ҮШ ЖАСҚА ТОЛҒАНША АНАСЫНА АЛИМЕНТ ӨНДІРІЛДІ

Жаңақорған аудандық соты бала үш жасқа толғанша анасына алимент өндіру туралы азаматтық істің өндірісін медиация тәртібімен тоқтатты.
Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа жүгініп, онда жауапкер екеуі заңды некеде тұратынын, ортақ баласы бар екенін, ол үш жасқа толмағанын, қазіргі таңда жауапкер екеуі бір отбасы болып тұрмайтынын, ортақ шаруашылық жүргізбейтінін, баласы өзінің тәрбиесінде, жауапкер ерікті түрде материальдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, жауапкерден баласы үш жасқа толғанша 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот барысында тараптар өздерінің араларындағы дауды медиация тәртібімен реттегендерін көрсетті. Келісім бойынша жауапкер бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын талап қоюшыға 13 000 теңге алимент төлейді, ал талап қоюшы талап қоюынан бас тартты.
Сот, ұсынылған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиативтік келісімнің тараптардың мүдделерінде жасақталғанын, заңға қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындықтан аталған келісімді бекітті және сот ұйғарымымен аталған азаматтық іс тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының бас пасөз қызметі.
27 қаңтар 2022 ж. 392 0