№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі маңызды

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі маңызды


Күз келіп, күн суыта бастағанда жұмысы қарқын алатын кәсіп иелерінің бірі – өрт сөндірушілер. Өйткені өрттің шарықтау шегі желтоқсан және қаңтар айларында көптеп тіркеледі.


Осы орайда, өрттің шығу себептері және оның алдын алу, жылу беру маусымына дайындық, тұрғындардың өрттен сақтанудағы білімін кеңейту жөнінде Жаңақорған ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Азамат Асылбекұлы азды кем ақпаратпен бөлісті. Өрт болған жағдайға талдау жасаған қызметкерлер көбінесе тілсіз жаудың тұрғын үйлерден шығатынын анықтаған.
Мәселен, өткен жылы аудан көле­мінде атаулы мекемеге 139 хабарламаның келіп түскені нақтыланған. Оның ішін­де 54-і өрт, 63-і өртке жатпайтын жа­ну оқиғасы, 7 авариялық құтқару жұ­мысы, 11 автокөліктердегі өрт, ал қал­ған 4-еуі басқа да тіркелген екен. Орын алған 54 өрт оқиғаның 4-еуі нысандарда, 37-сі тұрғын үй секторында, 13-і басқа да орындарда орын алған. Себебі ол жерде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайтыны, тұрғындардың электр тоғының сымын қалауынша тартып, жанғыш материалы қолданылғаны анықталған.
Азамат Асылбекұлы мұндай жағдай төтенше жағдай мен өрттің шығуына қауіпті ұлғайтатынын тұрғындар назарына салудан шаршаған еместігін айтады.
Жылу беру маусымының алдында тұрғындарға қандай ұсыныс айтар едіңіз? Өрттен сақтану үшін әр адам не нәрсені ескеруі тиіс? деген сауалымызға: «Ең алдымен, пештер мен электр құралдарын пайдалануда сақтық қажет. Зақымдалған розеткаларды, сымдарды, айырып-қосқыштарды, жылу беретін бұйымдарды пайдаланбау керек. Сондай-ақ елдімекен тұрғындары қыстыгүні жаққан пешті қараусыз қалдырмағаны абзал. Біз түсіндіру, насихаттау жұмыстарын қарқынды жүргізгенімізбен, халықтың қауіпсіздігі әр адамның өртке қарсы білімі мен мәдениетін толық жетілдірген кезде ғана қамтамасыз етіледі. Осыны есімізден шығармасақ» деп сөзін түйіндеді өрт саласының инженері.
Айта кететіні, құтқарушы мамандар қазіргі таңда Жаңақорған кентіне газ келуіне байланысты нысан басшылары мен тұрғын үй иелері тұрмыстық газды пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтап, ақауы бар тұрмыстық пештерді пайдаланбау қажет екенін қатаң ескертеді. Өйткені бұдан келер қауіп көп. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында бөлім тарапынан «Көмір қышқыл газынан сақтану» тақырыптарында кең көлемде үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп келетінін білдік. Қауіптің алдын алуда Жаңақорған кенті мен елді-мекендеріндегі көп балалы 63 отбасыға, мүмкіндігі шектеулі 25 отбасыға, аз қамтылған 94 отбасыға және жалғыз басты 18 отбасыға көмірқышқыл газының автономдық датчигі тегін орнатылып берілген. Бұл автономды датчиктер тұрғын үйлерде түтіннің исі шыққан жағдайда дабыл қосылып белгі береді. Осылайша құрылғының арқасында тілсіз жаудың алдын алуға болады. Ал инженер Азамат Қорғанбаев болса бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатынын атап өтті.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
29 қаңтар 2022 ж. 636 0