№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дерт дендемесін десеңіз

Дерт дендемесін десеңіз

Коронавирустық инфекция COVID-19 коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция.
Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қаупі бар ауру, оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтырады. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Әлемде және елімізде жаңа «Дельта»  оған қоса «Омикрон» штамы таралып жатыр.
Облысымыз қазіргі таңда «қызыл» аймақта, аудан бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі, эпидахуалдың күрделенуінің басты себептерінің бірі – азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды орындамауы (бетперде тақпау, ұжымдық іс-шараларда санэпид.талаптарды орындамауы, арақашықтық сақтамау, жиын, тойлардың көбеюі).
Аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар айының 1-18 жұлдызы аралығында коронавирус инфекциясының –  239 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 37 жағдай болып отыр, тәулігіне 25-30 тұрғыннан КВИ-ң оң нәтижесі анықталуда, сондықтан індетті жеңудің бірден бір жолы жаппай вакцинациялау мен ревакцинациялау жұмыстарын жалғастыруымыз қажет.
Бүгінгі күнге аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы І тур екпемен 33267 адам қамтылса, ІІ турмен 31766 адам қамтылып отыр. Ревакцинациялаумен 2666 тұрғын қамтылған. 12-17 жас аралығында 1445 бала 1-ші турмен, 872 бала 2 рет екпемен қамтылған, балалар арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті жасөспірімдерді вакцинациялау қарқынын күшейту қажет.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы №1 қаулысы негізінде жұмыстар жүргізілуде.
Коронавирустық инфекциясының алдын алудағы негізгі сақтық шаралары:
- вакцинация және ревакцинация
- маскалық режим
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көпшілік жиналатын орындарға бармау;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
-салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Болжамдар: коронавирусты жұқтырған адаммен не болады деп айту мүмкін емес, нәтиже әртүрлі болуы мүмкін, бұл сіздің иммундық жүйеңізге байланысты. Көбінесе вирус ауыр ауруға шалдықтырмайды, бірақ өлімге әкелетін жағдайлар да болды. Жағдай тез өзгереді.
Қазіргі уақытта сіздің қолыңыздан келетіні ең алдымен жоғарыда айтылған кеңестерді орындаңыз.
Шынар Айдарова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
23 қаңтар 2022 ж. 465 0