№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ескертеді

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ескертеді

Құрметті қызылордалықтар!
Қазіргі таңда әлемде коронавирус инфекциясы қайта өршіп, бірнеше елде шектеу шаралары күшейді. Біздің елімізде де ахуал мәз емес. Қызыл аймаққа енген өңірлер саны өсті. Қызылорда «жасыл» аймақта болғанымен соңғы 5 күнде ауру көрсеткіші едәуір өсті. Күн сайынғы вирус жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 27 жағдай тіркелді. Бұл ағымдағы жыл басынан бері орын алған бір күндік ең жоғарғы көсеткіш.
Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 4071-ге жетті. Оның 3% сырттан тасымалданған болса, 56% скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған, 41% қарым-қатынас арқылы жұқтырған.
Ауру көрсеткіштерінің өсуі наурыз мерекелерінен кейін орын алуда. Бұл мейрам күндері карантин талаптарына қарамастан мерекелік коропоративтер, жасырын той-жиындар жасап, шектеу шараларын бұзудың салдары деп болжанады.
Карантинге алынып, үй-жағдайында оқшауланған адамдар мен оларға күтім жасайтындардың да сақтық шараларына салғырт қарауы жағдайды ушықтыруда. Себебі вирустың адамға әсер ету жылдамдығы жоғары. Оның үстіне вирустың мутацияланған жаңа штамдарының белсенділігі әлем бойынша артып келеді. Қызылорда «жасыл» аймақта болғанымен арқаны кеңге салып, бейқам отыруға болмайды. Керісінше сақтық шараларын әлсіретпей, күшейту қажет екендігін тағы да ескерткім келеді.
Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық салтанатты, естелік іс-шараларын, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
Бетперде киюге, жеке гигиена ережелерін, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға, дене қызуы көтеріліп, жөтел және тыныс алу қиындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырамын. Ата-аналарға күн сайын балаларға сақтық шараларының маңыздылығын түсіндіріп отыруды сұраймын.
IV тоқсаннан бастап білім беру дәстүрлі форматқа көшірілді. Мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленді. Бұл талаптар әрбір мектепте бұлжытпай орындалуы тиіс.
Әрбір тұрғын мамандар кеңесіне құлақ асып, карантин талаптарын орындаса инфекцияның да таралуынтаратпауға мүмкіндік болады. Жауапкершілік те, қауіпсіздік те – ортақ.
Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,
Қызылорда облысының бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері
02 сәуір 2021 ж. 468 0