№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайланған әкімдердің белсенділігі қандай?

Сайланған әкімдердің белсенділігі қандай?


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында елді демократияландыруда кент және  ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткенін еске салды. Расында, 2021 жылдың 28 шілдесінде аудандағы 13 елді мекеннің әкімін халық өзі таңдады. Сөйтіп сайланбалы әкімдер іске кірісіп кетті. Біз арада екі ай өткенде төл газеттің №71 (8772) нөмірінде «Әкімдер сайланды: олар не істеуде?» деп мақала жаздық. Ол кезде бес әкімнің белсенділігі сараланды.
Жергілікті әкімдердің сайланғанына тура алты ай өтті. Әрине көп уақыт емес. Алайда іс істеймін, байыпты бастамалар атқарамын деген әкімдер жоспар құрып, оны құжаттандырып, белгілі бір деңгейде
атқаруы тиіс қой!
Бұлжолыжергіліктідеңгейдегіәкімдердіңхалықарасындағыбеделіменбелсенділігіқандай? Солжөніндетоқталудыжөнкөрдік. Ескертекететіні, алдыңғымақалағаарқауболғанауылдықокругәкімдерінеқайтатоқталудыжөнкөрмедік. Осыбағыттаауыләкімдеріненжағдайдынақтыбағамдауменқатартұрғындарментілдесугебасымдықбердік.
Енді сайланған әкімдер елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жолында салық базасын ұлғайту, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздар санын азайтуы тиіс. Халық өзі таңдаған басшыдан күтетіні осы. Міне, елді мекен тұрғындарынан осы жөнінде сұрадық.
Алдымен Кейден ауылдық округінің әкімі Кенжебай Сырлыбекке хабарластық. Алайда мардымды жауап ала алмадық. Дәйегін диктафонға басып та алдық...
– Ауылдың салық базасы өткен жылға қарағанда 353 мыңға артық орындалды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, шағын және орта бизнес те өз деңгейінде. Былтырғы жылы он адам қайтарымсыз несие алды. Олар өз ісін жүргізуде. Ал, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың саны былтыр 15 адам, биыл 17 адамға жетті, – деген жауап алдық.
Дұрыс, тұрғындар қайтарымсыз грант алсын. Тіпті саны артсын. Бұған мақтануға болатын шығар, бірақ, әлеуметтік көмек алатын адамның артуы елді мекеннің әлеуметтік статусы артқанын көрсетпейді. Қуаты артып, кемелдене түскен ауылда керісінше әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар азаяды. Солай емес пе?
Екпінді ауылдық округінің тізгінін ұстаған Қайрат Қожамжаровтың әкімдік қызметте тәжірибесі бар. Сондықтан сұраққа нақты жауап берді.
– Өткен жылы салық базасы едәуір ұлғайды. Мәселен, осы уақытқа дейін 800-900 мың теңге көлемінде салық жиналса, 2021 жылы 1 млн теңгенің үстіне шықты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында 7 адамқайтарымсыз грантқа қол жеткізді. «Ауылшаруашылықты қол­дау қоры» АҚ-дан екі адам несие алды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын адам саны да азайды. Мысалы, бұрын 15-16 адам көмек алып келсе, биыл 8 адам алды. Ұзақ жылдан бері шешімін таппай келген ауданаралық су қашыртқысы кеңейтіліп, қазылып, пайдалануға берілді. Су қашыртқысының үстінен аудандық маңыздағы көпір салынуда. Жаңадан берілген жер учаскелеріне су жүйесі тартылып, сервистік жүйе жаңартылуда, – дейді ауыл әкімі. 
Қожакент ауылдық округінің әкімі Елеусіз Жиенхожаев елмен етене араласып жүргендіктен ауыл тұрғындарының хал-ахуалын жақсы білетінін алға тартты.
– Аудан әкімі Руслан Рүстемов  Қожа­кентті «Үлгілі ауыл» ретінде қалып­тастыруды тапсырды. Осы бағытта нәтижелі жұмыс жүргізудемін, – дейді ол.
Алайда қожакенттік ақсақал Темір Исахановтың пікірі басқа. Оның сөзін­ше, қауымдастық мүшелерін жинап, жиналыс жасайтын шығар, бірақ, ауыл қарияларының басын біріктіре бермейді екен.
Кеше ғана сайлаудан өту үшін науқанға түскен үміткерлер, бүгін бір-бір ауылдың әкімі. Ауыл әкіміне жүктелер міндет аз емес. Ауыл тұрғындары да оларға сеніп отыр. Селекционер, ғалым Керімхан Егізбаевты сөзге тартқанымызда:
– Келінтөбе ауылының әкіміне халық Абылай Досжановты таңдады. Енді ол халық сенімін ақтауы тиіс. Оның адамдық қасиеті жоғары. Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, Келінтөбені өрге сүйрейді деп сенеміз. Сол үшін дауыс бердік.
Дәл қазір әкімдердің жұмысынан керемет нәтижелі дей алмаймыз. Елді мекендерге аудан, облыс әкімдері келгенінде мәселелерді ортаға салып, шешілу жолын ұсынамыз. Сондай істің ізіне түсіп, аяғына дейін жеткізуде біздің әкімдердің біліктілігі жете бермейді. Болмаса бюджеттік өтінім тапсыруға енжар қарайды. Бұл жергілікті деңгейдегі әкімдерге ортақ жағдай, – деп жауап берді.
Әкім мен халық бірігіп, істің ебін тапса шешілмейтін мәселе болмайды. Бәрі жергілікті әкімнің іскерлік, ұйым­дастырушылық қабілетіне келіп тіреледі. Қожамберді ауылының әкімі Нұрқасым Сейітқасымов жас болса да, бас болып, әсіресе, вакциналауда ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді.
– Жұмысымды сайлауалды бағдар­ламама сәйкес бастап кеттім. Былтыр көше жарығы бойынша 9 көшеге жарықтандыру жүргізілді. Аудан басшыларының қол­дауымен елді мекенге аяқ су жеткізуде М-2 каналын кеңейту және тазалау жұмысы жүргізілді және суды реттейтін тоспалар жөнделді. 2021 жылы 15 кәсіпкер тіркеліп, 1 сауда-саттық, 8 мал бордақылау, 1 жүк көлік тасымалы іске қосылды. Сөйтіп, жергілікті бюджетке салық көлемі артты, – деді.
P.S.: Президент айтқандай, әкімдер халықпен етене араласып, емін-еркін диалогқа барып, мәселені жергілікті деңгейде шешуге қабілетті болуы тиіс. Сайланған әкімдердің ісі жөнінде әлі дүркін-дүркін мақала жазатын боламыз. Өйткені халық оларға сенім артып
сайлады.

Әсел РЗАЕВА
16 қаңтар 2022 ж. 293 0