№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Отбасы мәселесі партия назарында

Отбасы мәселесі партия назарында


Қоғамдағы әлеуметтік аз қамтылған, осал топтар мен отбасындағы балалардың бірегей білім алуы сынды өзекті мәселе «NurOtan» партиясының қашанда назарында. Осы бағытта, жуырда «Nur Otan» партияның облыстық филиалына қарасты «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау», «Білім және ғылым» бағытындағы аймақтық кеңес жоспарына сәйкес көшпелі отырыс Жаңақорғанда жалғасты. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобасының ауданда жүзеге асуы, жол картасының білім және әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыс барысы сараланды. Шараға аудандық мәслихат депутаттары белсенді қатысты.

Алдымен арнайы топ әлеуметтік ны­сан­дардағы ахуалды аралап, мән-жайды жүйелеп қайтты. Бірінші кезекте, Жаңақорған шипашайына жол жүрді. Ондағы мақсат мүмкіндігі шектеулі аза­маттарға жасалған жағдайды көзбен көрді. Яғни, портал арқылы атқарылған жұмыс жүйесі нақтыланды.
– Бұл көшпелі отырыстың негізгі мақ­саты – елдегі тұрмысы төмен, әсіресе шаңырақтағы мүмкіндігі шектеулі бала­лары бар отбасылардың қоғамға бей­імделуі, әлеуметтік мәселесінің шешілуіне ықпал ету болатын. Қазір әлеуметтік сала өте өзекті, сондықтан осындай шараларды тиянақты, әрі жүйелі жү­зеге асыруға тиістіміз. Бұл ең бірінші, халықтың тұрмысына, қоғамның қалыпты қалыптасуына, елдегі күрделі мәселелерді шешуге өз септігін тигізері анық. Бұл бағытта жұмысты одан әрі жандандыру түсуіміз тиіс, – деді кеңес төрағасы Алтын Есқараева.
Өте орынды, рас, қазіргі қоғамда осал отбасылар аз емес. Әлеуметтік деңгейі төмен, денсаулығында кінәраты бар балаларға қамқорлық жасау құптарлық іс. Сонымен шипажайға мониторинг жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орталықтың бейімделуі мен әлеуметтік портал арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Одан кейін, жұмысшы топ №28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжай-балабақшаның және М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептегі аудандық сайлауалды бағдар­ламаның 54 тармағы негізінде ашылған инклюзивті кабинеттің жұмысына шолу жасады.
№51 мектептің 2021 жылы ашылған инклюзивті ресурстық орталығында 2 үлкен кабинет қарастырылған. Каби­неттің ішінде инклюзивті білім беруге қажетті барлық жағдай жасалынған: арнайы құрал-саймандар, әдістемелік-практикалық құралдармен толыққанды қамтылған. Қарама-қарсы бөлмеде жаңа технологияларға сәйкес жабдықталған сенсорлы кабинет ашылған. Партия жанынан құрылған әлеуметтік сұрақтар бойынша комиссия мүшелері заманауи құрылғылармен жабдықталған мекеме­лерге көңілі толғанымен, қателіктерді де тізе кетті. Аймақтық кеңестің мүшелері сапар барысында ағымдағы жылдың сәуір айынан өз жұмысын бастаған «Бақытты отбасы» мекемесінде болып, орталықтың жұмыс барысымен және халыққа қандай жағдайлар жасап отырғандығымен та­нысты.
Жұмыс сапарын қорытындылау үшін кең­ес мүшелері жауапты сала маманда­рын қатыстыра отырып, аудандық партия филиалының ғимаратында көшпелі оты­рыс өткізді. Жиынды кеңес төрағасы А.Есқараева ашып, күн тәртібіндегі мәселені тарқатып айтты. Жиынға «Білім және ғылым» бағытындағы аймақтық кең­ес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева, облыстық мәслихат депутаты Аида Абибуллаева, мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділлаев, Қоғамдық келісім КММ ди­ректоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық партия филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гаухар Исмаилова қатысып, бірнеше мәселені талқылады.
Отырыста аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, аумақ бойынша Жол картасының әлеуметтік және білім бағытының орындалуы барысын баяндады.
Жалпы аудан бойынша 2021 жылға 32 мекеме мен кәсіпорындарды «Кедергісіз ортаға» бейімдеу жоспарланып, қолжетім­діліктің интерактивті картасына енгізілген. Баяндама барысында, білім беру сапасын арттыру, балабақшалар мәселесі мен әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар сараланды. Жиын соңында кеңес мүшелері зерделенген жұмыстар бойынша атқарылу керек жұмыстар жайында қосымша өз ұсыныстарын білдірді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
03 желтоқсан 2021 ж. 307 0