Бүгін мейірімділік білдіру күні
13 қараша мерекелердің ішіндегі ең «мейірімдісі» Бүкіләлемдік мейірімділік күні аталып өтеді. Мейірімді болу денсаулыққа да пайдалы деп айтып жатады. Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, мейірімді адамдардың өзгелерге қарағанда аз ауырып, 9 жылға ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Қайырымды жандардың жүрегі сау, ал иммунитеті мықты болады.
Француз суретшісі Орель осы күн үшін «ашық жүрек» түрінде арнайы символ ойлап тапқан еді. Осы күні адамдар дәстүр бойынша ата-анасы мен жақын достарына гүл сыйлап, жылы, мақтау сөздер айтады, қайырымдылық шараларына қатысып, жақсылық жасайды.
Мейірімділік - рахметті күтпейтін, өз істерінің бағалануын, аталуын талап етпейтін сезім. Керісінше жағдайда бұл өзіңізге соншалықты рахат сезімін әкелмейді. Біреуден мадақ естіп, рахметке қарық боламын деп күтпеңіз. Мейірімді істер мен сөздер өздерінен-өзі сізді рахатқа бөлейді. Біреумен бөлісу, беру, сыйлау - шынымен ізгі істерден.
Басыңызға қиындықтар туындамасын деп ойлайсыз ба? Ендеше қазірден дайындалып, мұқтаж жандардың қиындықтарын өткеруіне кішкене де болса көмектесіңіз.