№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Оңаламын десең ойыныңды түзе

Оңаламын десең ойыныңды түзе


Бір кезде танымал болған әйгілі «Лол» қуыршақтары, слайм, спинер сынды ойыншықтардың орнын қазір «Поп-Ит» басты. Балалардың ақыл-есін жаулаған, жүйкені тыныштандырады деген бұл ойын құралдары денсаулыққа қаншалықты қауіпті? Осы жайында тарқата айтсақ.


Түрлі-түсті, антистресс ойыншықтың бағасы дүкен сөрелерінде 1500 теңгеден басталады. Пішіні де әртүрлі. Балалар мен жасөспірімдер арасында танымал болып кеңінен тарап үлгерген бұл ермек көбіне әлеуметтік желілерде видео түсіріп, оқырман санын көбейту үшін пайдаланылады екен.Тақырыпты кеңінен ашу үшін бала танымына барлау жасап көрдік. 12 жастағы Арманның «Поп-итті» сатып алғысы келмейді, өйткені ата-анасының ақшасын пайдасыз дүниеге жұмсағысы жоқ. Алайда, достарының барлығында бұл ойыншық бар екен, анда-санда сұрап алып ойнауға мәжбүр.
– Тик-Ток-та бізге осы ойын қызық.Оны кез-келген дүкеннен сатып алуға болады. Ойнағанда дөңгелек тетіктерді басамыз, олар ішке не сыртқа шығады. Мен оны достарыммен кездескенде ғана қолыма аламын, – дейді оқушы Арман.
Ал, Арманның қатарласы Нұрлы­бектің сөзінше кемпірқосақ түстес ойыншық айналасында жүрген барлық достарында болғасын қатты қызыққан екен. Сөйтіп туған күніне өзіне сыйлық ретінде сатып алған. Алайда оның қызығы жарты сағатқа ғана жеткенін мойындады. Қазір онымен ойнауға мүлдем құлқы жоқ екенін жасырмады.
Осы ретте психолог мамандар аталмыш ойыншықты ұзақ уақыт бойы жанынан тастамай ермек ету бала психикасына кері әсер етуі мүмкін екенін айтады. Яғни, жасөспірім бойында даму, жетілудің орнына керісінше тежелу пайда болады. Мұны баланың кірпігін жиі қағып, көзін ашып-жапқанынан және саусағын аузына сала беретіндігінен байқауға болады екен. Мамандардың пікірінше, ата-аналар балаларын мұндай арзанқол ойынмен алдартқаннан гөрі таза ауаға шығарып қыдыртуға, мейлінше салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға кеңес бергені ләзім.
Бұл ойыншықты әлеуметтік желі беттерінде көгілдірлердің белгісіне балап жатқандар да жетерлік. Ендеше егеменді ел болып енді ғана дамып келе жатқанымызда келешекке сенім артып отырған қымбат болашағымыз арзан құралдың құрбанына айналмаса екен. Бала бұл ойыншықтан бәлкім кемпірқосақты көрер, бірақ сіз көзі ашық, көкірегі ояу ата-анасыз ғой. Насихатымыз вакцина, күресіміз ковид, қайғымыз қымбатшылық болып ара-дара болып жүріп балаларымыздың қай бағытқа алданып қалатынын аңғармай да қалған секілдіміз. Сол себепті соңғы уақытта трендке айналып, өтімді тауарға айналған «Поп-ит» ойыншығынан үзілді- кесілді бас тартқанымыз абзал.

Лаура БИБАСАРОВА
20 қазан 2021 ж. 538 0