№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұмыс іздесең, жәрмеңкеге бар!

Жұмыс іздесең, жәрмеңкеге бар!

«Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. «Екі қолға бір күрек табылар» деген үміткен келген адамдардың қарасы қалың болды.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов аппа­раттың кеңейілген мәжілісінде жұмыс­сыздық деңгейін азайту бағытындағы шараларға сергек қарауды ескертіп, нақты бағыт-бағдар көрсеткенін білеміз.
Орталық басшысы сыннан қорытынды шығаруға талпынып, әлеуметтік желі­лерде жұмыс ұсынушылар мен сұрау­шыларды бақылап, ортақ база жасақтай бастады. Сондықтан жәрмеңкенің жақсы деңгейде өтіп, үш жақты байланысты тереңдетуге күш салуда. Жәрмеңкеде осындай жаңашыл қадамды аңғардық.
– Армысыздар, жерлестер! Бүгінгі бос орындар жәмеңкесіне қысқы жы­лыту маусымына қажетті маусымдық жұмыстар ұсынылады. Жұмыс беру­шілерге жақындап, ашық әңгімеге түсіп, өздеріңізге керекті жұмыс көзін табуға тілектеспін, – деп жәрмеңкені ашып берді.
Қысқы жылу беру маусымына бай­ланысты білім беру ұйымдары, бала­бақшалар мен мәдениет үйлеріне от жағушы мен киім ілушіге сұраныс түсті. Яғни 18 мекеме 61 бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңкеде аудан әкімдігінің қау­лы­сымен бекітілген квотаға сәйкес мүм­кіндігі шектеулі азаматтар мен про­бация қызметі есебінде тұратын жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамтуға басымдық берілді.
Жалпы саны 40 жұмыссыз адам өтініш білдіріп, әзірге соның 26-сы жұмысқа қабылданды. Cолардың бірі – 49 жастағы Болдықыз Мусирова.
– №125 мектепке киім іліуші болып жұмысқа орналастым. Өзім 3-топтағы мүгедекпін, балам 2-топтағы мүгедек. Әлі күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрамыз. Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған осы жәрмеңкеде жұмыс тауып, қатты қуанып тұрмын, – деді ол.
От жағушы болып жұмысқа қабыл­данған Бағдат Ибрагимов ағамыз да өз алғысын білдірді.
– Алты ай жұмыссыз жүріп, жәрмең­кенің көмегімен №163 мектептен жұмыс таптым. Үйде 6 балам бар. Оларды асырау керек. Ер болғаннан кейін жау­апкершілікті арқалаймыз ғой! – деп ойын жеткізді.
Жәрмеңкеге қатысқан жалғыз басты ана Индира Әльжановамен де тілдескен едік.
– Біз сияқты жандарға жұмыс беріп, назардан тыс қалдырмай жатқаны үшін аудан басшыларына алғыс білдіремін. Жәрмеңке жанға жылу беріп, ертеңгі күнге сенімімді арттыра түсті, – деп қуанышын айтты ол.
Жыл басынан бері ауданда 10 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу жоспарланып, соның 8-і ұйым­дастырылды. 103 жұмыс беруші 412 бос жұмыс орнын ұсынып, 72 тұрғын жұмысқа қабылданды. Яғни жәрмеңке жұмыс табатын жайлы жиынға айналып келеді.
Рауза ӘЗІЛХАН
17 қазан 2021 ж. 479 0