№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлттық сананы жаңғырту маңызды

Ұлттық сананы жаңғырту маңызды

Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана – тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан да, Елбасының бағдарламалық мақаласы жастарға, жас ұрпаққа арналған деп ойлаймын.
Болашақ –жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз.
Ұрпақ тәрбиесі тек ұстаздың ғана емес баршамыздың парызымыз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтылмаған. Қайсыбір ата-ана өз баласының әлсіздігін мектептен, мұғалімнен көріп жатады, ал мектептегілер керісінше ата-ананы кінәлайды. Тәрбие сапалы болу үшін балаға мектептің, ата-ананың, қоғамның жан-жақты қамқорлығы қажет. «Бала тәрбиесінің үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы» деп тамаша педагог-ұстаз Сухомлинский айтқандай, ата-анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Қазіргі уақытта ел арасында «ақшаң болса, бәрі де болады» деген сөздерді жиі естуге болады. Балардың арасында да осындай ой қалыптасқан. Әрине, ақшаға бәрін де сатып алуға болатын шығар. Бірақ сатып алынған нәрсе ешқашан мәңгілік болмайтындығын үнемі дәлелдер арқылы түсіндіріп отыруымыз керек. Әйтсе де денсаулық пен рухани байлықты, яғни адами қасиеттерді сатып ала алмайсың. Бала тәрбиесі отбасынан , дәлірек айтсақ бесіктен басталады. Оған көптеген ойшылдардың, қазақ ұлыларының, дана сөздері дәлел.
Жүсіпбек Баласағұн баланы жастан тәртіпке үйрету керектігін, оны ата-ананың ісі екенін сөз етеді. Мысалы ол: «Баққан ұлдан сәл тайса назарың, Түбі соның тарттым дей бер азабын. Қатал ұста- бос жүрмесін сандалып, Болса тәртіп- бала өседі сомдалып. «Әрине көпке топырақ шашуға да болмайды, керемет инабатты, білімді, мәдениетті, зиялы қауым ортасында жас болса да бас болып жүрген жастарымыз қаншама. Халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы «Қазіргі заман – өткен заманнның баласы, болашақ заманның атасы» дейді . Әрине, айтылған жайдың бәрі өткен заманды көксеу емес, жас ұрпақ санасының өзге жаман нәрселермен былғанбай, ұлттық тілімізді, дінімізді, ерекше мәдениетімізді, өзге ұлтта жоқ жақсы қасиеттерімізді бойтұмар етіп ұстаса деген тілегіміз бар.
Сымбат ИСАБЕКОВА
№229 мектеп  мұғалімі
17 қазан 2021 ж. 427 0