» » Құрметті кент және ауыл тұрғындары

Құрметті кент және ауыл тұрғындары

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (әрі қарай – Министрлік) Құқықтық ақпараттық қызметі (әрі қарай - ҚАҚ) халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелерін түсіндіруді жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдар туралы байланыс мәліметтерін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының деректерін ұсынады.
Консультативтік қызмет көрсету:
- Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірі: 119,
- Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін: 8(7172)58-00-58 (желі операторының тарифынасәйкес);
- WhatsApp мессенджері арқылы (+7708-693-56-31);
- «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «виртуалды кеңесші» виджетінің чат-бот модуляциясы арқылы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарлары арқылы жүзеге асырылады.
Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы
13 қазан 2021 ж. 297 0