№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 30 қыркүйек – Әділет органдарының күні

30 қыркүйек – Әділет органдарының күні


2012 жылы алғаш рет «Әділет органдарының күні» аталып өтті. Латын тілінен аударғанда «юстиция» сөзі «әділдік, заңдылық» деген мағынаны білдіреді. Әділет органдары – ол Әділет министрлігінің барлық мекемелері мен ведомстволарының жиынтық атауы.
Неге 30 қыркүйек күніне қойылды деген сұрақтың тарихына көз жүгіртсек, бұл күн кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. 1919 жылдың 30 қыркүйек күні Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық комитет әділет бөлімін құру туралы қаулы қабылдайды. Кейіннен әділет бөлімі Әділет Халық комиссариаты болып атын ауыстырды. 1946-1949 жылдары Қазақ КСР атқару билігі органдары қайта ұйымдастырылып, нәтижесінде 21 кеңестік-республикалық министрліктер, оның ішінде Қазақ КСР-нің Әділет минис­трлігі құрылды. Осылайша біз әділет органдарының 101-ші жылдығын атап отырмыз.
Әділет органдарының құқықтық мәртебесі мен қызметінің негізін анықтайтын нормативтік құқықтық актісі – 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Қазіргі таңда ҚР әділет органдары өз құзыреті шеңберінде мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың заңдылық тәртібін қолдайтын, ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін атқарушы биліктің органдары қатарында.
Қазақстанның әділет органдары ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау аясында мемлекеттік саясатты, сараптамалық-сот қызметін, сот актілерінің орындалуын жүзеге асырады, сонымен қатар барлық деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерді, коммерциялық емес ұйымдардың заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеуге алады, коммерциялық ұйымдардың заңды тұлғаларын тіркеу және жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу аясында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Заңгер мамандығы ежелден-ақ құрметті, сонымен қатар күрделі де жауапкершілігі мол кәсіп деп есептеледі. Қиын-қыстау сәт туындағанда тек заңгер маманына жүгінеді, өйткені тек олардың көмегімен ғана заң талаптары орындалып, елімізде құқықтық тәртіп орнайды.



Сабит ИБРАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық әділет
басқармасының басшысы,
«Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі

27 қыркүйек 2021 ж. 691 0