№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакциналау маңызды науқан

Вакциналау маңызды науқан


Қазір күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі – вакцина. Иә, коронавирусқа қарсы екпені жүкті, емізулі баласы бар, 18 жасқа толмағандар мен есепте тұратын науқас адамдардан басқаның бәрін алуға міндетті. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін көп мекеме мүшелері толығымен екпе алса, отбасымен вакцина салдырғандар да аз емес.


Вакцинаны өз еркімен алғашқылардың бірі болып салдырып, өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілік танытқандар қатарында Утенбаевтар әулетін атауға болады. Әулет тірегі Әбсұлтан атамыз 74-те, Гүлзада апамыз 68-дегі зейнеткер. Олардан екпе салдыруға қалай шешім қабылдағанын және екпе салдырғаннан кейінгі жағдайын сұрадық.
– Жұбайыммен бірге алғашқылардың бірі болып «КазVak» вакцинасын қабылдадым. Денсаулық біреу үшін емес, өзіміз үшін керек. Сондықтан дер кезінде екпе алуды жөн санадық. Ұлым мен келінім де, төрт қызым да екпе салдырды. Кері әсерлерін байқамадық. Басқалар айтып жатқандай, дене қызуының көтерілуі, ауырсыну деген біздің отбасы мүшелерінде орын алған жоқ. Бүгінде жағдайымыз жақсы. Қазіргі таңда індеттің бетін қайтаруға тек екпенің ғана қауқары жететініне көзіміз жетіп отыр. Өзгелер де осыны түсініп екпе қабылдаса, адамзаттың тынысын тарылтқан індеттен тездетіп құтылатын едік, – деп ағынан жарылды Әбсұлтан атамыз.
Вакцина алуды өздеріне міндет деп таныған Асановтар отбасы да түгелімен «Hayat» вакцинасын қабылдады.
– Өзімнің және жақындарымның денсаулығы үшін «Hayat» вакцинасының екі дозасын қабылдадым. Отбасымызбен ақылдаса келе жұбайым Мухаббат және екі ұлым вакцина ектірді. Қайта вакцина салдырғанннан кейін өзімді сергек сезіндім. Денсаулық – зор байлық. Сондықтан баршаңызды осынау маңызды науқанға белсенді қатысып, вакцина алуға шақырамын, – дейді Әлібек Асанов ағамыз.
Қазіргі таңда ауданда вакцина алмағандардың қатарында зейнеткерлер мен диспансерлік есепте тұратын тұрғындар ғана қалды. Оларға арнайы бригадалар құрылып, тізім бойынша үй-үйді аралап екпе салуды қолға алды.
Аудандық емхана мамандарының 7 қазандағы мәліметіне сай, екпе алуға тиісті 35010 адамның 21025-і вакцинаның екі кезеңін қабылдады. Бұл жоспардың 72,0 пайызын құрайды.

Рауза ӘЗІЛХАН
09 қазан 2021 ж. 316 0