№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмағали Мырзағалиев: Екпе – барлық аурудың емі

Жұмағали Мырзағалиев: Екпе – барлық аурудың емі


Еңбек ардагері, зейнеткер Жұмағали Мырзағалиев халықты екпе алуға шақырады. Ол өз денсаулығы және жақындарының қауіпсіздігі үшін вакцина салдырған.

«Елімізге және дүниежүзіне зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі жалғасуда. Біз азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін күш-жігерімізді біріктіруге тиіспіз. Ол үшін барлық аурудың емі болып табылатын екпені міндетті түрде қабылдауымыз қажет. Менің жасым 84-те. Қызым, немерелерім дәрігер. Осы уақытқа дейін түрлі ауруларға қарсы екпе қабылдап, оның ішінде тұмауға қарсы екпелерді жылда-жыл алып, дерттің бәрін еңсердім», – дейді еңбек ардагері.Зейнеткер коронавирус індетіне қарсы сақтық шараларын қаматасыз ету үшін бүгін Сырдария аудандық орталық ауруханасына Қызылорда қаласынан келіп, өзінің және отбасымның денсаулығы үшін екпе қабылдаған.
«Өз отбасымда 18 жасқа толған барлығы коронавирусқа қарсы егілген. Мамандар ең алдымен менің қан қысымымды, дене қызуымды өлшеді. Бұған дейін қабылдаған ем-домдарынды сараптап, екпе қабылдауға жарайтынымды анықтады. Сөйтіп, екпенің бірінші кезеңін алдым. Екпе қабылдағаннан кейін күту залында дәрігерлердің бақылауында болдым. Денемде ешқандай өзгеріс, кері нәтиже болған жоқ. Қазір екпеге қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Бос сөзге сенуге болмайды. Дәрігерлердің ғана кеңесіне құлақ асқан жөн. Елімізге және әлемге белгілі дәрігерлер екпе қабылдау арқылы қауіпті індетті жеңетінімізді ресми мәлімдеді. Сондықтан үлкен-кішінің бәрі екпе қабылдауы қажет. Өзімнің замандастарымды екпе қабылдауға шақырамын», – дейді зейнеткер.
11 тамыз 2021 ж. 271 0