№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нан қымбаттады. Неге?

Нан қымбаттады. Неге?


Жанармай, коммуналдық төлем, азық-түлік бағасы күннен-күнге шарықтауда. Әлемді шарпыған індеттен көпшілік есін жия алмай жатқанда бір бүйірден қымбатшылық қосылып тұр. Бұл ахуалды билік өкілдерінің өздері ауыздықтай алмай, түрлі жолдары қарастыруда.


Бидай эспорттайтын аграрлық елдерде ұнның бағасын қымбаттап, нан бағысы тұрақтамай тұрғанын қалай түсінуге болады?
Дерек көздерінде, дәнді дақыл­дың ішінде бидай көлемі был­тырғымен салыстырғанда 22,8 пай­­­ызға аз шыққан. «Әләуләйлім тау­­сылса, хәләуләйлім тағы бар» де­мекші, осыдан келіп, дәнді да­қылдардың бағасы тағы шарық­тайтыны белгілі.
Кеткен шығынды өнген өнімнен өндіріп алуға шаруалар жанталаса кірісетін болады. Ал оның зардабын қарапайым халық көреді. Бұл біздің ауданға қаншалықты әсер етуде? Осыны білу үшін аудандық ауыл шаруашылығының статист маманы Дәулет Оразбековтен сұра­ған едік.
– Нан бағасының қымбаттауы Қостанай, Павлодар өңірінен шыға­тын бидай өнімінің аз болуы және өнімінің ылғалдылығына байланысты компаниялардың бағаны көтеріп жіберуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта, бірінші сортты ұн 6500-9000 теңге аралығында. Нанның бағасы кенттегі екі наубайханада және сауда орталықтарында 85 пен 100 теңге аралығында. Жоға­рыдан нан бағасын 85-100 теңгеден көтермеу тапсырылған. Нанның қымбаттауының тағы бір себебі оған қосатын қоспалардың да қымбаттауына байланысты. Яғни шемішке май, тұз, құмшекер, жұ­мыртқа бағасының өсуі және электр энергиясына төленетін ақы бар. Осыған байланысты шаруаларға субсидия беру мәселесі қаралуда, – деді ол.
Азық-түлік бағасы – әлеуметтік өзекті мәселе. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы­ның өсуіне жол бермеу мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Әйткенмен, ас атасы нан басқа аймақтарға қарағанда, Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Шиелі аудан­дарында төмен бағада екен. Осыған орай, Жаңақорған кентіндегі ірі сауда орталықтарындағы нан бағасын са­лыс­тырып көрген едік. «Береке», «Заңғар» сауда орталықтарында күл­ше нанның ғана саудасы жүрсе, «Ғанида» нан бағасы 95 теңге, «Аққуда» 100 теңге. Ал, халық жиі баратын базардың өзінде нан бағасы 110 теңге.
Сыртқа экспорттау мәселесі ба­ғаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазақстандық бидайдың сапасы жоғары болғандықтан, шет мемле­кеттерден сұраныс та жоғары болатын. Бірақ карантиндік шек­теу­лер кезінде отандық ұн өндіру­шілердің сыртқы нарықтағы орнын басқа экспорттаушы елдер иеле­ніп үлгерген еді. Бұл біздің ұн өнеркәсібін дағдартып тастады. Әри­не, шектеу алынғалы бері ұн экспорты бірте-бірте арта бас­тады. Алайда бұл жағдайдың өзінде өткен жылғы көрсеткішке қол жеткізу әзірше мүмкін болмай отыр. Негізінен қазақстандық бидай мен ұнды Орталық Азия елдері көп сатып алады. Cоның ішінде Пәкістан, Ауғанстан және Қытайға астық жиі жіберіледі.
Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы құрылған болатын. Қазіргі таңда оның құрамында халқының жалпы саны 1,4 миллиардқа жуық 36 ел бар. Осы ұйым аясында Қазақстан жыл сайын мұқтаж елдерге, оның ішінде Ауған халқына бидай мен ұн жеткізу сияқты қайтарымсыз гуманитарлық көмек көрсетіп келеді
Бір айта кетерлігі, қазақстандық бидайдың қамырлығы өте жоғары – 28-32 пайызға жетті. Бұл – әлемде ең үздік сапа. Өңірлер бойынша өндірістің ең көп көлемі Қостанай облысына тиесілі. Көшбасшылар үш­тігіне сондай-ақ Шымкент және Ақмола облысы кіреді.
Нан бағасы – әлеуметтің тұр­мыстық көңіл күйіне бірден әсер ететін фактор. Одан бұрын күнделікті өмірдің басты өзегі. Сондықтан жұрт осы бағытта тыңдырымды тірліктер атқаруды күтіп отыр.

Рауза ӘЗІЛХАН
05 қазан 2021 ж. 536 0