«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауыл шаруашылығы жануарларының лептоспироз ауруы

Ауыл шаруашылығы жануарларының лептоспироз ауруы

Лептоспироз (сары ауру) – үй жануарлары мен көптеген жабайы аңдарда кездесетін табиғи-ошақтық, зооантропоноздық жұқпалы ауру.
Ауру, ағзаның безгек тәрізді қалтырауымен, кілегей қабатының сарғайуымен, ішек-қарын жұмысының тоқырауымен, жануарлардың түсік тастауымен немесе өмірге бейімсіз төл тууымен, малдардың беретін өнімдерінің төмендеуі сияқты белгілермен білінеді. Ауру жіті өткенде ауырған малдар арасында өлім-жітім жағдайлары жиі кездеседі.
Қоздырушысы – (Leptospira) лептоспира деп аталатын ирек жіп тәрізді, жылжу қабілетіне ие бактериялар. Аталған бактериялар ауырған мал мен кеміргіштердің зәрінде бір аптаға дейін, ағын суда 10 күн, көл суларынды 200 күнге дейін, сұйық тезекте 1 тәулік, жаңа сауылған сүтте бір тәулікке дейін, ал құрғақ топырақта 12 сағатқа дейін күшін жоғалтпайды. Жануарлар кез келген жасында бұл ауруға бейім болады. Лептоспироз адамға да жұғады. Ауырып жазылған жануарлар ағзасынан біршама уақытқа дейін сыртқы ортаға бактериялар бөлініп отырады. Ірі қара мал 6 айға дейін, уақ мал 9 айға дейін, ит, мысықтар 3 айға, ал кеміргіштер (әртүрлі тышқандар тәрізділер) өмір бойы тасымалдаушы болуы мүмкін.
Аурудың негізгі таралу жолы – ақпайтын, тұрып қалған су көздері арқылы. Бактериялар ағзаға тері қабатындағы, ауыз, мұрын қуыстарындағы, ішек-қарын құрылымының кілегей қабаттарындағы түрлі жарақаттар арқылы өтеді. Ауырған малдың ыстығы көтеріледі, денесі қалтырайды, жем-шөпке тәбеті жоғалып, күйсемейді, әлсіреп, жағдайы ауырлайды. Көздері, ауыз қуысының кілегей қабаты сарғайып кетеді. Зәр бөлуі қиындап, аз-аздан бөлінеді. Зәрі қызыл, немесе қоңырқай түсті болады. Сондықтан кей жерлерде ауру қансигек деп те аталады Алғашқыда іші өткенмен кейін қатып қалады. Буаздықтың екінші жартысындағы буаз малдар көбінесе түсік тастайды. Сауын малдың сүті бірден азайып, тіпті мүлде суалып кетуі мүмкін.
Лептоспироз ауруы шыққанда ауру малдарды бөлектейді, гипериммундық қан сарысуы, антибиотиктер және бауыр, бүйректі емдеуге арналған препараттар салынады. Жарақаттанған жерлерге ихтиол майын, борлы вазелин жағады. Ауырған мал азығына балық майын, түрлі микроэлементтер, витаминдер қосады. Ауырып жазылған малдарда ұзақ мерзімді иммунитет пайда болады.
Сақтандыру шаралары: Кеміргіштерді дер кезінде жойып отыру, малдардың жазғы жайылымын құрғақ жерлерден ұйымдастыру, малдарды таза сумен суару. Сырттан әкелінген малдарды 1 ай бөлек ұстау, осы уақыт аралығында лептоспирозға тексеру. Малдарға алдын ала вакцина егу жұмыстарын жүргізу, түсік түскен төлдерден алынған сынамаларды ветеринариялық зертханаға тексеруге жіберу. Суаттарды аталған ауруға тексерту және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу сияқты шаралар іске асырылады.
Қайсар ӘУЕЗБЕКОВ,
 ҚР АШМ ВБжҚК  Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының бас маманы 
30 қыркүйек 2021 ж. 935 0