№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жәрмеңке жылулық сыйлады

Жәрмеңке жылулық сыйлады


Ала жаздай егіс даласында тынбай еңбек еткен диқандар жиған-тергенін арқалап, облыс орталығына жол тартты. Биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесіне 50-ден аса көлік қамтылды. Астана даңғылы бойындағы Е.Көшербаев пен А.Иманов көшесі қиылысында ауылшаруашылығы өнімдері нарық бағамынан төмен бағада сатылды. Таңғы сауданы қыздыра түсті. Әсіресе қауын-қарбыз саудасына кезекке тұрғандар көп болды.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлі­мінің мәліметінше, жылдың алғашқы жәрмеңкесіне барлық ауылдық округ пен кенттен 336 тонна өнім жеткізілді. Нарық бағамынан 17-20 процентке төмен бағада сатылған тоғыз миллион теңгенің өнімі кешке дейін таусылды. Қаз-қатар сауда қатарында Қаратаудың қауын-қарбызы мен Сыр беткейдің көкөнісін қалалықтар жоғары бағалады.
– Диқандардың төккен тері ақталды. Әсіресе су тапшылығына қарамастан күрішшілер жақсы өнім жинауда. Жәр­меңкеге шаруашылықтар 300 тон­надан аса өнім жеткізді. Бағасы да қолжетімді болды. Біздің өнімге Елорда төрінде өткен жәрмеңкеде де сұраныс артқанын байқадық, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанәлі Базарбаев.
Иә, Нұр-Сұлтан қаласында 19-20 қыркүйекте өткен ауылшаруашылығы жәрменкесіне ауданнан 46 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілген болатын. Оның ішінде, 17 тонна күріш және 29 тонна бақша өнімдері саудаланды. Әсі­ресе қауын-қарбызға сұраныс жоғары болды.
– Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдас­тырылған Сыр диқандарының жәр­меңкесіне біздің ауданнан үш шаруа қожалық барды. Күріш, қауын мен қарбыз, асқабақты ауданнан «Икмат», «Әділшах-М», «Медет» шаруашылығы жеткізді. Шыны керек, жаңақорғандық диқандардың өнімінің сапасы жоғары, – деді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас аграномы Даурен Абибуллаев.
Қызылорда қаласындағы жәрмеңкеге қайта оралсақ, жәрмеңкеден қыстық азығын түгілдеп алатын қалалықтардың қарасы қалың болды. Оның себебі де түсінікті. Карантиндік талаптарға сай жәрмеңке өткізуге мүмкіндік болмағаны белгілі...
Жәрмеңке алаңында аудан әкімі Руслан Рүстемов диқандармен тіл­де­сіп, әлеуметтік маңызы жоғары шараға белсенді қатысқаны үшін алғы­сын жеткізді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова да саудагерлермен тіл­десті және жәрмеңкені жоғары деңгейде ұйымдастырған аудан бас­шысына жоғары бағасын берді.
Көпшіліктің көзі Қожамберді ауыл­­дық округінің әкімі Молдахмет Нәлі­баевтың асқабағына түсті. Ол жыл­дағы дәстүрінен жаңылмай биыл да салмағы 30 келіден асатын асқабағынан арқалай келіпті. 
– Қазір карантин уақытында жұмыссыз жүрген азаматтар аз емес. Алдымыз қыс, сондықтан осындай арзан, әрі сапалы өнімдер жәрмеңкесін жиі ұйымдастырып тұрса деген тілек бар бізде. Өзім картоп пен қауын алуға келген едім, – деді қала тұрғыны Аманкүл апа.
«Мал семіз болса, төл егіз, жер семіз болса, дән егіз» демекші биыл жері шұрайлы Жаңақорғанда егіннен мол өнім жиналып, төрт түліктің де басы едәуір артты. Оны қамбаға түскен дәннен, мал төлінен көруге болады.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 қыркүйек 2020 ж. 650 0