№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Білім сапасы назарда

Білім сапасы назарда


Президент айтқан және қабыл­даған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Солардың қатарында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу керек деген тапсырмасы көңілден шықты. Өйткені бәріміздің де баламыз бар. Ал олардың келешегі кемел болсын десек сапалы мектептер саны мен білікті ұстаздар қатарының артқаны да дұрыс.
Өзім білім саласында еңбек етіп жүргендіктен Президент жол­дауындағы «Сапалы білім беру» бағытын мұқият тыңдадым. Ұстаздар қауымын қолдау мақсатында келесі жылдың қаңтар айынан бастап педагог мамандардың жалақысы 25 пайызға көбейетіні және ол үшін алдағы үш жылға 1,2 триллион ақша қаралғаны айтылды. Ал ең басты жағымды жаңалық халықаралық пән олимпиадаларынан жеңімпаз атанған оқушыларымыз да бірреттік ақшалай сыйақымен марапатталатыны бәрі­мізді қуантты.
Осы ретте елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдап,үндеуде айтылған міндеттерді шешуге белсенді қаты­сайық.
Мира ЖАНДАРБЕКОВА
аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі
бас инспекторы
12 қыркүйек 2021 ж. 463 0