Жастар бәсекеге қабілетті ме?
Қоғамның қозғаушы негізгі күші – жастар. Кіші буын неғұрлым қуатты болса, елдің іргесі берік болады. Бүгінгі нарық заманында жастардің белсенділігі қандай, бәсекеге қабілетті ме? Осы жайында қоғамның көзқарысын білгенді жөн көрдік.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастардың ойлау қабілеті өзгеше. Екі жастың әңгімесіне құлақ түрсек, заманауи техниканың игілігі мен кәсіп дамытудың жолдары туралы түрлі ақпараттарға қанығасыз. Олар қалай ақша табу керектігі мен өзін дамытудың түрлі тәсілдерін меңгерген. Өзгені сөз етпегенде аудандағы кәсіпкерліктің 60 пайызы отыздан аспаған жастарға тиесілі. Мұның өзі жастардың экономикадағы белсенділігін аңғартады. Мұны жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров та растады.
– Ауданда 15-30 жас аралығында 32 891 жас ресми тіркелген. Оның 18931-і оқушы, 1556-ы студент, 946-ы кәсіпкер. Жас кәсіпкерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, ынтымақтастық көрсетіп жүргенін көріп жүрміз. Олар елдік істе белсенділік танытып, жастарға бағыттанған іс-шараларды қаржылай қолдап келеді, – дейді жастар көшбасшысы Наурызбай Ерікұлы.
Індет басталған шақта аудан жастарының белсенділігі айқын сезілді. Қарапайым маска тігіп таратумен қатар, медицина саласына қажетті құралдар мен аппараттармен қамтамасыз етті. «Жаңғырған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қорының құрылуының өзі халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпалын тигізді. Биыл қуаңшылық жайлаған уақытта көкке тапшылық сезілген шаруаларға қолғабыс еткен бірнеше еңбек жасағындағы әрбір жастың маңдай тері текке кеткен жоқ.
Мұндай қайырымы мол жастарды халық ұмытпайды. Еліміздегі күрделі жағдайға көңіл бөліп, «Арысқа көмек», «Мақтаралға көмек», «Аралға көмек», «Батыс Қазақстанға көмек» секілді түрлі акциялардың бел ортасында белсенділік танытқандарды қалай мақтасақ та жарасады.
Індет жайлаған шақта көпшілік жиыннан алшақтап, мерекелік іс шараларды қайырымдылық бағытқа ойыстырғандар да жиі кездеседі. Мұның бір мысалы, Қожакенттегі 1982 жылғы жастардың мектеп бітіргендеріне 20 жылдық салтанатты шарасының құрметіне ауылдағы баспанаға мұқтаж отбасына қуаныш сыйлағаны көптің есінде қалды. Осы секілді әкесінің өмірден озағанына бір жылдық асының орнына кембағал жандарға азық-түлік қорын жеткізіп, сауапты іс жасаған көптеген жастарды халық арасынан жиі жолықтыруымыздың өзі имандылықтың діңгегі бекігенін байқататындай.
Жастардың бастамасына куә болып, қолдауын білдіріп жүрген «Қум Сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжаппаров:
– Мән беріп қарасаңыз, соңғы уақытта жастардың өресі өскенін аңғаруға болады. Теріс қылықтан бойын алшақ ұстап, имандылыққа бет бұрған жастардың қарасы көп. Жұма намазында сапта тұрған көпшіліктің көбі отызға жетпеген. Мұндай сәтте, Жаратушының өзі жастарға жол көрсетіп жатқанына риза боласыз. Ал, жастардың аяқ алысын көрмегендер сыртынан түрлі күпірлік жасап, бос әңгіме етеді, – деді.
Белсенді жастардың көбеюі – жақсылықтың нышаны. Жуырда ғана кенттегі тазалықтың сын көтермейтінін мақалаға арқау еткенбіз. Кім білсін, өздері де осы жағдайды күнде көзбен көргендіктен болар, 1991 жылы туылған Тәуелсіздіктің төл құрдастары туған жеріне тамаша тарту жасап, елді қуантқан еді. Кент орталығындағы көпшілік шоғырланатын аймақтарға қоқыс жәшігін орнатып, кенттің тазалығына көңіл бөлуде. Міне, біздің нағыз патриоттар!
Ал, көпке жұғыспайтын, ақсаусақ жігіттер отбасының тәлімінің төмендігінен рухани мүсәпірдің күйін кешуде. Қоғамдық ортада екі әйелдің әңгімесінен мұндай масыл жастардың барын білуге болады. «Жасыл ел» жасағына еңбекке төселуге жіберудің орнына «Баламның басына күн өтеді» деп қақпайлап жүрген ата-ананың қылығына қаның қайнайды. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жастың қолын ара шағып алды деп дау туғызып жүргендер күлкіні келтіреді.
Мұндай жағдайларға әбден қанық ауданның белсенді азаматы Серік Мұсабаев:
– Еңбек – ерді шыңдайды. Бір мезгіл кетпен, күрек ұстамаған қолдың берекесі болмайды. Біздің әкелеріміз осылай тәрбиеледі. Әлі күнге дейін бақша өсіріп, азын аулақ егін егіп, ұрпағымды еңбекке тәрбиелеудемін. Ержігітке тән қасиет тек еңбекпен келеді. Ал, одан басқасы кұр әурешілік, – дейді ел ағасы.
ТҮЙІН. Еңбекпен өнген тұлғалардың өмірдерегіне үңілген сайын еңбекқорлықтың арқасында дәулет пен даңққа жеткенін білесіз. «Алма піс, аузыма түс» деу бекершілік. Талпынбаған талабына жетпейді. Еңбекке жарамсыз бала – бәсекеге қабілетті бола алмайтынын айтқымыз келеді.
Мақпал МАРҚАБАЙ