NEET – санаттағы жастар анықталуда
Жастар – қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Еліміздің ертеңі жастардың қолында десек, жастардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына аса назар аудару қажет-ақ. Осы мақсатта, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жастардың әлеуметтік санатын анықтау бойынша адрестік жұмыстарды жүргізуге Жаңақорған ауданына табан тіреді. Аудандағы алғашқы мониторинг жұмысы 32100 халық қоныстанған Жаңақорған кентінен бастау алды. Зерттеудің негізгі мақсаты – талдама жұмыстарын жүргізу, өзара іс-қимыл деңгейін анықтау және NEET (оқымайды, жұмыс істемейді және біліктілігін арттырмайды) санатына жататын жастарды анықтап әрі сол жастармен жұмыс істеу болып табылады.
Зерттеу барысында орталық мамандары 5 топқа бөлініп, кенттегі Алтынсарин, Қорғантоғай аумағындағы жастармен жүзбе-жүз кездесіп, өзара сұхбат жүргізіп, арнайы дайындалған сауланаманы жасы 14 пен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге толтыруға ұсынды. Аудандық жастар ресурстық орталығы және кенті әкімдігі қызметкерлерімен бірге жастар мәселелері төңірегінде жинақталған дерекқор базасы зерделенді.
Сонымен қатар, әкімдікпен алдағы уақытта бірлесе атқарар бастамалар талқыланды. Олардың қатарында, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастармен жұмыстарды жүйелендіру жұмыстары бар.
Аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық мәдениет үйі қызметкерлерімен аудандағы мәдени сала ахуалы, оның ішінде, жас шығармашылық өкілдерімен жұмыстар зерделенді. Талқылау барысында аудандық мәдениет үйінің басшысы Зульфия Шалабаева мәдени үйірмелер, оларға жастардың қамтылуы және алдағы уақытта аудан әкімдігі тарапынан шығармашыл жастарға көрсетілетін қолдаулар туралы тілге тиек етті.
Аудандағы адрестік жұмыстарды жүргізуге ықпалдастыққа ауданның қоғам белсенділері мен көше комитет жетекшілері кірісті. Аудан азаматтарымен өзара талқылау жұмыстары жүргізіліп, жастардың өзекті мәселелері ортаға салынды. Нәтижесінде, аудан белсенділері жастар мәселелеріне қатысты кез келген бастамаларына үздіксіз қолдау көрсететіндерін білдірді.
М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің Манап ақын атындағы орталығында жастар ресурстық орталығы мамандары жаңақорғандық жас таланттармен кездесті. Кездесу барысында ауданның жас ақындары мен айтыскерлері шығармашылық жолдағы жетістіктерімен бөлісіп, идеяларын, өнерлерін ортаға салды.
Өз кезегінде, облыс көлемінде жүзеге асырылатын мәдени бастамалар таныстырылып, «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» мерекесі аясында өтетін Сырбойылық жас әдебиетшілердің конференциясына, сонымен қатар, «Сыр дарыны» атты облыстық жастар шығармашылығы байқауында белсенділік танытуға шақырды.
Осы уақыт аралығында, жинақталған сауалнама нәтижесінде зерделенген 218 жастың дерекқор базасы жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілмек.
Сонымен қатар, жастардың өңірлік нақты дерекқорын әзірлеу бағытында жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатындағы жастарды анықтау жұмыстары бойынша кент және аудан әкімдігімен бірлесіп, нақтылы жұмыстар әлі қамтылмаған 134 көшеде жалғасатын болады.
Әсел РЗАЕВА