№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Карантин: баланың бос уақыты болмасын!

Карантин: баланың бос уақыты болмасын!


Бала – болашақ. Үйдегі ата-ана баланың бүгінгі біліміне, тәрбиесіне, бос уақытында айналысып жатқан ісіне баса назар аудару керек. Бұл – бесенеден белгілі. Әсіресе, карантин уақытында қашықтықтан оқыту процесі кезінде баланың психикалық жай-күйі, өзін-өзі ұстауы, білімге деген ынтызарлығы жете бақылауда болғаны абзал. Оқушылар үйі оқытушыларының негізгі жұмысы да осы. Шәкірттің бос уақытын тиімді пайдалануға бағыттау, қосымша тапсырмаларға қызықтыру...


Шығыс философы Жүсіп Баласағұн: «Білім адамзаттың ортақ қазынасы» десе, Елбасы Н.Назарбаев: «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деді.
Рас, білімді мыңды жығады. Нарық талабына сай компьютерді, заманауи гаджеттерді жетік меңгерген, адами құндылықтар, рухани білім, дұрыс тұлға болу салты кітапта баяндалған. Төл тарих, әдебиет, мәдениет, құнын жоймас құндылықтарымызды көне-көне кітаптардан ғана табуға болады. Мұның бәрін балаға дарыту үшін әрине қызықтыру керек.
Карантин жағдайындағы онлайн білім алатын баланың уақытын тиімді үйлестіріп, білімге қызықтыру керек. Біз педагогтар барынша күш салып, онлайн арқылы сапалы сабақ түсіндіргенімен, экран аржағындағы баланың эмо­ционалды жай-күйін білмейміз. Яғни, бұл тұста ата-ананың да қолдауы мен қатаң қадағалауы қажет. Өйткені, баланың бүгінгі білімі – елдің ертеңіне апарар инвестиция.
Мен негізгі міндетім – балаға білім мен тәрбиеден бөлек, мектептен тыс уақытын тиімді жұмсау. Білімді игертуге баулу, шәкірттің сыныптан тыс уақытында шығармашылыққа баулу. Бұл жұмыстарды тиісті деңгейде атқарып келеміз. Алайда, әлемдік пандемия салдарынан жұмыс жүйесі, форматы, іс-шараларымыз да онлайн деңгейге көшті. Арнайы бағдарламалардың көмегімен балалармен байланысты үзбей, карантин жағдайдында тиісті тапсырманы беріп, білім жүйесіндегіні педагогтық міндеттемелерді орындаудамыз. Деген­мен, баланың білімге, кітапқа деген құштарлығын оятатын, интеллектуалды дамуын көтеретін арнайы онлайн байқаулардың аздығы көңіл көншітеді. Әсіресе, карантин жағдайы білім сапасына, баланың жай-күйіне өз әсерін едәуір тигізуде. Қазіргі балалар оқып, ізденіп, білімге қызығуға қарағанда, жеңіл-желпі, ойын-сауық бағытындағы болмашы дүниелерге, телефонның ар жағындағы виртуалды әлемге бой тіктеп бара жатқаны жасырын емес.
Хош! Тақырыпқа тұздық болсын. Психология пәнінен білетініміздей, бала тәрбиелеудің түрлі тактикасы бар. Бірі – мадақтау, бірі – жазалау, енді бірі ойын арқылы қызықтыру. Осылайша зейінін ашу, білімге итермелеу. Сайып келгенде, білімге бағдар!
Осы орайда Абай ақынның;
Заманақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа –
Қойнына тыққан тастары.
Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны, деген өлең шумағы еріксіз ойға оралады. Бәлки замана талабы ма, бәлки байырғы ата-әже институтының төмендігі ме, кітап ұстамайтын жастар көбейіп барады. Онлайндағы тапсырма деп, ата-ананы алдап, смартфонда сағаттап отыратын жеткіншектер жетерлік. Осынау түйіт­кілді түбегейлі жою үшін педагогтың бақылауынан бөлек, үйдегі үлкендердің де қатаң қадағалауы қажет. Смартфон арқылы шынымен білім алу да ма, әлде алтындай уақытта текке жіберуде ме? Сонымен қатар, арнайы қызықтыратын тактикалар арқылы кітап оқуға, өздігінен кітап іздеп оқитын деңгейге қоғам болып жұмыс жасауымыз керек. Өйткені, білімі мықты ұрпағы бар елдің болашағы да берік болмақ. Білім – мәңгілік бақытқа апарар алтын жол десек, нұсқаушысы – кітап...

Гүлмира Дәрібайқызы,
аудандық оқушылар
үйінің оқытушысы.


04 тамыз 2021 ж. 495 0