№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Гендерлік саясат, гендерлік тәрбиенің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Гендерлік саясат, гендерлік тәрбиенің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді


   Жаңақорған аудандық сотында «Гендерлік саясат, гендерлік тәрбиенің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
  Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.
   Аталған іс-шараға  кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева және сот қызметкерлері қатысты.
  Өз баяндамасында   Б.Налибаева гендерлік теңдік - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының тарапынан арнайы гендерлік саясатқа қатысты тапсырма берілгенін және сол тапсырма бойынша Қазақстан Республикасында   Гендерлік теңдік стратегиясы дайындалып, Елбасы Жарлығымен бекітілгендігін және стратегияның мақсаты ерлер мен әйелдерге тең құқықтар қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндіру берілді. 
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.

28 қараша 2018 ж. 1 898 0