Біз лагерьге барамыз!
2020-2021 оқу жылының жазғы демалысы басталды. Енді алдағы оқу жылында оқушылар сапалы білім алуы үшін жақсы тынығуы тиіс. Яғни жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім алуына, салауатты өмір салтын ұстануға жан-жақты жағдай жасау маңызды. Осы бағытта атқарылатын жұмыстарды тиісті мекеме қызметкерлерінен білдік.
Жалпы Сыр өңірінде 40-тан аса тынығу лагері болса, соның екеуі Жаңақорған ауданында. «Облыстық олимпиадаларға дайындау және қосымша білім беру» орталығы, яғни «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу лагерінде биыл оқушылар демалады.
Ауданда 2021 жылы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуға тиісті оқушылар саны – 17740. Соның 16602-і жазғы маусымда сауықтыру шараларына, мектеп жанындағы лагерьлер мен тарихи орындарға саяхатпен қамтылады. Бұл аудан оқушыларының 95 пайызын құрайды. Бұл туралы аудандық білімі бөлімінің инспекторы Мира Жандарбекова түсіндіріп берді.
– «Тау самалы» тынығу лагері мен мектеп жанындағы күндізгі лагерлер, Өзгент ауылында орналасқан «Өзгент» балалардың жазғы тынығу аймағы 1 маусымнан ашылды. «Тау самалы» лагеріне – 225, «Облыстық білім басқармасы Олимпиадалар және қосымша білім орталығына» (Талдысу) – 120, Түркістан облысындағы «Машат» лагеріне – 90, Қызылорда қаласындағы «New study» (Юстади) лагеріне – 107, Түркістан облысындағы «Балдаурен» лагеріне – 30 бала, «Біргөлек» лагеріне –20, Тараз қаласындағы «Саяхат» лагеріне – 101 оқушы барады. Мектеп жанындағы күндізгі лагерлерде 7000 бала сауықтыру шараларына қатысып, оның ішінде 900 балаға демеушілер көмегімен жеңіл тамақ берілді. Сондай-ақ, Сығанақ қалашығы, Хорасан ата, Сунақата, Төлегетай-Қылышты ата, Айқожа, Қарасопы, Бақсайыс кесенесі, Көккесене сағанасы, Қатынқамал үңгірі сияқты аудандағы тарихи - мәдени танымдық маңызы бар тарихи орындарға, Түркістан облысындағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Гаухар ана кесенесіне мамыр-маусым аралығында 3000 тәлімгер танымдық саяхатқа барды, – деді ол.
Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім алуына, өлкенің тарихын білуге жағдай жасау маңызды. Осы бағытта атқарылатын жұмыстарды тиісті мекеме қызметкерлерінен білдік. Әуелі «Тау самалы» тынығу лагеріне хабарластық.
– Бүгін үшінші ауысымның алғашқы күні. Оған дейін екі ауысымды қабылдап, шығарып салдық. Жас шамасына қарай 76 бүлдіршін тынығып келеді. Біз балаларға керемет көңіл-күй сыйлауға дайынбыз. Спорттық жарыстар, мәдени-рухани іс-шараларды көптеп ұйымдастырып, оқушылардың белсенді демалыс өткізуіне жағдай жасаймыз. Олар бекітілген кестеге сәйкес күніне бес рет тамақтанады, – дейді «Тау самалы» тынығу лагерінің директоры Болат Шерімбетов.
Үшінші ауысымның алғашқы күні аудан әкімі Руслан Рүстемов Қаратау беткейінде орналасқан «Тау самалы» лагеріне арнайы барып, балалардың жазғы демалысының бір күнін бағдарлап қайтты. Аудан әкімі балалардың жай-күйін көріп, әлеуметтік қолдауларға мән берді. Расында бұталы-ағашты және көк майса шөп көмкерілген
лагерьдің аумағында сылдырлап тау өзенінің арналары ағып жатыр. Табиғаттың тылсым сыры демалушыларға ерекше шабыт сыйлап, көңіл-күйіне оң әсер етеді.
– Балалар, сіздер бақытты ұрпақсыздар. Тәуелсіз Қазақстанның тартуын көріп келесіздер. Биыл ел тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде баланы болашағына, әсіресе білімге үлкен мән беріліп, өркениетті мемлекетке өрелі қаншама жастар тәрбиеленді. Міне, сіздер де бүгін лагерден қуат алып, жаңа достар тауып, өнерлі, шымыр болуға талпынып жатырсыздар. Ағай-апайларыңның айтқан ақылын тыңдап, жақсы ұл мен қыз деген абыройға дақ түсірмей, тыңғылықты тынығуларыңа тілектеспін, – деді аудан әкімі.
Ал, «Талдысу» тынығу лагерінің жайы да бір бөлек. Биыл 3 маусымнан бастап әр он күн сайын 75 баладан қабылдайды. Лагерь жеті лекпен қабылдайтытын ескерсек 525 баланың тынығуына мүмкіндігі бар. Оларға 7 тәрбиеші қызмет көрсетеді. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу орталықтың негізгі мақсаты. Алдағы уақытта оның барысында түрлі спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылып, тынығу лагеріндегі демалушылардың танымдық өрістерін кеңейтуді жүзеге асырып келеді.
– Бірінші маусымнан бастап балаларды қабылдадық. Бірінші ауысымда 172 баланы, екінші ауысымда 261 баланы, үшінші ауысымға дайындық жүріп жатыр. Тамыздың 27-не дейін балаларды қабылдауға дайынбыз, – дейді Елдос Жаңабай.
Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық филиалымен және кір жуу, қоқыс тазалау жұмысы бойынша тиісті мекемелермен келісім шарт жасалды. Балалардың жазғы демалысы кезінде сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Аудандық орталық ауруханасынан балаларға тіс дәрігері және дәрігер-педиатр бекітілді.
Осы орайда, алғаш рет жазғы тынығу лагерінің табалдырығын аттағалы тұрған 7-сынып оқушысы Айгерім Сардарбек: «Алғашқы рет барғалы тұрған жазғы тынығу лагерінде демалысымды тиімді пайдалануға тырысамын. Көптеген достар тауып, спорттық, интеллектуалды, мәдени, танымдық бағытта танысқан достарыммен уақытты қызықты өткіземін деп ойлаймын», – деді.
Ал, жыл сайын келуді әдетке айналдырған балалар да аз емес. Өйткені, тынығу орталығы шынымен де балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, ерекше серпіліп қайтатындарын тілге тиек етті.
– Мен мұнда бірнеше рет келгенмін. Биыл тағы да жолым түскеніне өте қуаныштымын. Лагерьдің ұнайтыны таза ауамен тыныстап, самал желмен серпіліп қайтамын. Әрі, жаңа достар тауып, ортам кеңейеді. Сондықтан, ұстаздарыма айтар алғысым шексіз, – деді Жазира Каримова.
P.S.: Балаға жасаған қамқорлық – келешекке салынған инвестиция. Сондықтан қоғам болып олардың осы бастан толыққанды демалып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – асыл міндет.
Әсел РЗАЕВА