Киберспорт – табыс көзі
Киберспорт табыс табудың бір жолы десек, артық айтқандық емес. Жұмыс орны ретінде қарастырып, жаңа ойындар шығарып, қомақты қаржы табуға болады. Әрі қызық, әрі оңай жол дерсіз. Тіпті, дамыған елдерде киберспортшылар мемлекетке салық төлеп отырады. Біз де осыған бүгін бейімделмесек, ертең қалыс қалуымыз кәміл.
– Экономикалық тұрғыдан қарар болсақ, киберспорттың болашағы бар. Қазір жер шарында төртінші өнеркәсіп кезеңі қалыптасты. Бұрын сұраныста болған жұмыс түрі уақыт өте келе қажетсіз болып жатыр. Яғни жұмыс түрленіп, ауысып отырады. Менің ойымша, киберспорттан қорқудың еш қажеті жоқ. Киберспорттың келешегі жарқын. Өз пайымым бойынша, 2025 жылы мұндағы ақша айналымы 200 млрд долларға жетіп қалады. Бұл тұста мемлекет ойындар шығару ісін қолға алғаны жөн. Бұрын жоспары жақсы, бірақ жемқорлықтың кесірінен орындалмай қалған біраз технологиялық жобалар болды. Соның ізін қуып кетпегені абзал, – дейді экономист Мақсат Халық.