№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы – шағын мемлекет

Отбасы – шағын мемлекет

15 мамыр - халықаралық отбасы күні деп белгіленген.
Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Халқымызда "Отан отбасынан басталады" деген қанатты сөз бар. Бұл нақыл халықтың салт-дәстүрі, адамгершілік құндылықтары, Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, еңбек-сүйгіштік қасиеттердің барлығы отбасы – ошақ қасынан басталатынын меңзесе керек. Әкенің тағылымын, ананың өнегесін алған баланың болашаққа деген қадамы батыл, жігері нық болып өсетіні сөзсіз. Біздің мемлекетімізде отбасы институтын қолдауға, соның ішінде ана мен бала қамқорлығына ерекше көңіл бөлінген.
Елбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен "Отбасы күнінің" белгіленуі осы институттың ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше маңызын көрсетіп отыр. Алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тілейміз.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының ұжымы.
15 мамыр 2021 ж. 1 004 0