№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Орталықтандырылған су жүйесіне толық қосылдық па?

Орталықтандырылған су жүйесіне толық қосылдық па?

Қызылорда облысы халқының 98,9 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Жалпы, аймақта 234 елді мекен бар. Елді мекендердің 85 пайызы Арал-Сарыбұлақ, Октябрь, Жиделі топтық су құбырлары және ішкі су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ал барлығы 10 мыңға жуық халық 35 ауыл скважиналардан, құдықтардан су ішіп отыр.
Биыл Қазалы ауданы Жанқожа батыр, Майдакөл елді мекенде сервистік су желісі, Қармақшы ауданы Төретам кентіне су жүйесінің құрылысы, Байқоңыр қаласының кәріз жүйесін жаңарту, Жаңақорғандағы Төменарық, Сунақ ата, Екпінді ауылдарының су жүйесін жаңарту және кеңейту жұмыстары басталады.
- Арал ауданындағы Абай, Тоқабай және Ақбасты ауылдарын «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосу жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобалардың қаражаты ауқымды болғандықтан құрылысы кезең-кезеңмен іске асады. Жаңақорған ауданының 27 ауылын ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың соңында Сырдария топтық су құбыры іске қосылды. Ал Талап топтық су құбырының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.
Қызылорда қаласының тұрғындарын ауызсумен Қызылжарма және Қызылорда жер асты су кені арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда тәулігіне 77-79 мың текше метр ауыз су 74 ұңғыма арқылы өндірілуде. Жаз мезгілінде бұл көрсеткіш 95-100 мың текше метрге дейін ұлғаяды. – Мекемелердің пайдаланған суын қашықтан бақылайтын бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. «Атлас» деп аталатын жоба мемлекеттік мекемелерге орнатылды. Бұл жүйені заңды тұлғаларға орнату үшін лицензиясы бар мекемелермен келіссөздер жүргізудеміз, - деді «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Марат Жамиев.

14 мамыр 2021 ж. 507 0