№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Берешекті өндіру мәселесін сотқа дейін реттеу тәртібі түсіндірілді

Берешекті өндіру мәселесін сотқа дейін реттеу тәртібі түсіндірілді

Жаңақорған аудандық сотында «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен берешекті өндіру мәселесін сотқа дейін реттеу тәртібін түсіндіру мақсатында онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Тубекбаева, Жаңақорған ауданы бойынша «КМF» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің өкілі А.Самидинов, «Арнұр Кредит» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің өкілі Қ.Алтынбек, аудандық заң консультациясының адвокаттары Г.Жусупалиева мен Г.Увайдаева, жеке нотариус А.Алайдар қатысты.
Сот төрағасы А.Тубекбаева дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде азаматтық істер бойынша сотқа түсетін талап арыздардың санын қысқарту жөніндегі жұмысты талқылап, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының нәтижесі бұл күнде жоғары екендігін атап өтті.
Сондай-ақ медиацияның ең тиімді тұсының бірі соттар жүктемесінің азаюына оң әсер етуде. Сотқа даусыз істермен жүгінетіндер де жетерлік. Сондай кезде тараптардың өзара келісімге келуінде татуласу рәсімдерінің маңызы зор. Мемлекеттік баждың қайтарылуы да азаматтар мен заңды тұлғалардың дауды бітімгершілік жолымен шешуге ынталандырады, сол себепті, дау-дамайлар тез арада шешімін табуда.
Сонымен қатар туындаған дауларды шешудің қолда бар құқықтық мүмкіндіктері туралы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында талап арыздарды жазу тәртібі, талап арыздарды қабылдаудың процедуралық мерзімі мен тәртібін, сотқа барар алдында келіссөздер мен татуласу рәсімдерін жүргізу мүмкіндігі туралы түсіндірді.
Дауларды сотқа дейін шешудің тиімді тәсілі ретінде нотариусқа жүгіну арқылы атқарушылық жазба жасаудың тәртібі мен салдарына тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар берешекті өндіру мәселесін сотқа дейін реттеу тәртібі бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 сәуір 2021 ж. 517 0