№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алимент өндіру жайлы дауларды соттан тыс реттеу тәртібі талқыланды

Алимент өндіру жайлы дауларды соттан тыс реттеу тәртібі талқыланды


Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Жаңақорған аудандық сотында алимент өндіру жайлы дауларды соттан тыс реттеу тәртібін түсіндіру бойынша онлайн семинар өтті.


Шараға аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева, судья И.Тұңғышбаев, кеңсе меңгеруші Б.Налибаева, жекеше нотариустар А.Жәнібеков, Ә.Әлайдар, заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары Г.Увайдаева, Д.Тұрабаев қатысты.
Семинар барысында сот төрағасы Ә.Түбекбаева соттарда алимент өндіру жайлы талап арыздардың саны өскенін атап өтті. Осы талаптар бойынша тараптар нотариусқа жүгініп, өзара келісім негізінде алимент өндіруге құқылы екенін, нәтижесінде олар міндеттемесін өз еркімен орындап жақсы қарым-қатынасын сақтап қалатынын көрсетті.
Осы мақсатта нотариустар мен адвокаттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халық арасында осы мәселені кеңінен насихаттауды ұсынды.
Сондай-ақ, егер келісім орындалмаған жағдайда өндіріп алушы сотқа келісімді орындау жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арызбен жүгінуге құқылы екендігін түсіндірді.
Шараға қатысушылар дауды сотқа жеткізбей реттеудің тиімділігін атап өтіп, бұл мақсатта бірлесіп жұмыс атқаруға шешім қабылдады.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2020 ж. 535 0