Әскерге бар, жалынды жас!
Көктем келді. Енді жастар Отан алдындағы борышты өтеуге асығуы тиіс. Ең өкініштісі, жыл өткен сайын абыройлы міндетке немқұрайлы қарайтындардың қатары артып барады. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Солдаттың анасы – Отанның анасы» деп әскери адамның беделін көрсетті. Ендеше, биыл бұл абыройлы міндетті кімдер арқалай алады, содан бастайық.
Биыл Сыр елінде 5 мыңнан астам азамат әскери есепке алынады. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңнан аса жасөспірім әскери есепке тіркеліп үлгерді. Жергілікті әскери басқару органдары қызметшілері жасөспірімдердің санын, білім деңгейін, әскери қызметке жарамдылығы мен дене дайындығын анықтап, әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады, оның ішінде біздің ауданнан 90 жас аттануы тиіс. Бірақ жағдай қиын. Мұны Жаңақорған ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Рамазан Назаров түсіндірді.
– Наурыз-шілде (көктемгі) әскерге шақыруға ҚР Қорғаныс министрінен біздің бөлімге тапсырмасы төменгідей. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне 9 әскерге шақырылушы қажет делінген, бірақ біз межені толық орындай алмадық. 7 жасты жіберуге дайынбыз. ҚР Қарулы күштеріне 40 шақырылушы болса, дәл қазір 16 жас дайын, 24 жас әлі күнге жоқ. Қашып жүр десек те болады. Мемлекеттік күзет қызметіне 1 жасты дайындадық. Ал, ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан қызметіне 40 әскери шақырылушы берілген. Әлі бірде-бір жас келмеді. Келтіре алмай жатырмыз, сылтау көп, басқа қалаға қоныс аударған, тіпті көршілес Ресей еліне кеткендер өте көп. Іздеуде жүрген 41 жас бар, осыған орай полиция бөлімімен бірге жұмыс атқарылуда. Бір ұсыныс, әрі өтінішіміз бар, аудандық аграрлы-техникалық колледж сабағын мүмкіндігінше ертерек аяқтап, жігіттерді әскер қатарына алсақ деген ниетіміз бар, – деді.
Ол рас, көрші мемлекетке ала дорбасын арқалап, жұмыс іздеген жастар күн санап көбейді. Оларды түсінуге болады, оның жалғыз ғана себебі бар, бізде жалақы өте аз. Жылдағы көрсеткішке сүйенсек, ауылдық округтердің жастары медициналық тексеруге келе бермейді.
– Қаратөбе, Сунақата, Ақүйік, Келінтөбе, М.Нәлібаев, Өзгент және Талап ауылдық округінен әскерге бала жібермек түгілі, медициналық тексеруден де өтпей жатыр, – деді бөлім бастығы.
Ал, округтегі жауапты сала мамандары да ауылдағы жастардың көбі өзге өңірлер мен ел асып кеткенін жеткізді. Әсіресе, Сыр беткейдегі елді мекендерде осы жағдай көп кездеседі.
ҚР Ұлттық Ұлан әскери бөлімдеріне әскерге шақырылушы азаматтарды зерделеу және іріктеу де басталды. Петропавл қаласы Ұлттық Ұлан әскери институты ҚР ІІМ-не қарасты оқу орнына түсу бойынша 5547 әскери бөлімі штаб бастығының жас шақырушыларды іріктеу және зерделеу бойынша аға көмекші Қайсар Әуелов, Қызылорда облысы полиция департаменті АжЖБ аға инспекторы Бауыржан Әлмаханов және Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бастығы Жомарт Шанкулов №163 жалпы орта мектепте болды. Жоғары сыныптағы жас буындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мерзімді әскери қызметшілер және институт курсанттары азық-түлік, киім-кешекпен толық қамтылғаны айтылды.
Одан бөлек, қазір Алматы, Қарағанды және өзге облыстар да қызметтер бар, ол үшін аудандық қорғаныс істер бөліміне байланыссаңыз, мамандар түсіндіреді.
Әскерге барған азаматтар мынадай тәртіпке бағынады. Алдымен екі апта ішінде жаңадан әскерге шақырушылар басқа жеке құрамнан оқшауланатын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымы бойынша ПТР-зерттеу әскери бөлімдерге жеткеннен кейін жүргізілетін болады. Карантин кезінде үнемі медициналық тексеру және жас буынға әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі, сондай-ақ, бастапқы әскери дайындық курсы бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Жеке құрамның індет жұқтыруын болдырмау үшін жас буынның әскери ант қабылдау рәсімі әскери қызметшілердің туыстарынсыз өткізіледі. Былтыр әскер қатарына алынып, биыл туған өлкеге оралған Ақжол мен Дінмұхамед замандастары мен ізінен ерген інілеріне әскерге баруға кеңес берді.
– Екеумізде шекара қызметінде болдық, 1 жыл деген көзді ашып-жұмғанша зырғып өте шықты. Отан алдындағы парызымыды өтедік, шүкір, елге дін аман оралдық, – деді Дінмұхамед Төлеген.
Егер әскерден жалтарып, заң талаптарына сай әскерге бармай немесе өзге де тәртіп бұзатындарға айыппұл салынады. ҚР Қылмыстық кодексінің 387 бабы бойынша әскерден жалтарғандар үшін жаза күшейтілді. Яғни, әскери қызметтен босатуға заңды негіздері болмаған жағдайда 1000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Теңгеге шаққанда, 2 млн-ға жуықтайды. Мүмкін болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе бір жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал, өзінің денсаулығына зиян келтіру, жалған құжат жасау немесе өзге де әдісті қолданғандарға 3000 айлық есептік (5 946 000 теңге) көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Жастардан әскерде кездесіп қалатын әлімжеттік мәселесі көп алаңдатады.
– Бүгінде барлық азаматтар әскери борышын өз мемлекетіміздің аумағында өтеп қайтады. Әлімжеттік мәселесінде де қобалжудың қажеті жоқ. Әскери тәртіптілік пен талап тұрғысында көптеген жаңашылдықтар ендірілді. Қазірде барлық орындар бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Солдат өмірі жариялы. Кез келген уақытта ата-аналарына барып тұруына жағдай жасалған. Әскери қызметінөтеуші азаматтардың ата-аналар комитеті жасақталған, оған әрбір ата-ана мүше және арнайы чат арқылы тығыз байланыс орнатып, баласының жағдайын қадағалай алады, – деді Рамазан Оңласынұлы.
Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлер алдымен медициналық куәландырудан, кәсіби психологиялық іріктеуден, дене даярлығын тексеруден өтеді және математика, физика, Қазақстан тарихы, орыс тілі немесе қазақ тілінен тест тапсырады. Жоғары әскери оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан, оқуға қабылдау 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған және 24 жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері қабылданады.
Кеңестік кезеңде әскерге бармаған ерлер өзін абыройсыз санайтын. Сондықтан бұл жастар азаматтық борышын өтеуге асығатын. Бала күнімізде үстінде жауынгер киімі, басында фуражкасы, аяғында әскери керзі етігі бар ағалардың азаматтық борышын өтеп, ауылға оралғанын көріп қызығатынбыз. Ағайын-туыс тойлатып, азамат болғанымен құттықтайтын. Мәселен, Кеңес үкіметі кезінде Германия, Ресей, Грузияда сынды елде болған аға буын 2 жылдың өмір тарихын айтып отырушы еді. Сонда көп еститініміз, қазақ жігіттерінің өр-рухы, намысшылдығы жайында еді. Өз ұлтын өзгенің езгісінен қорғайтын, інісіне ізетін білдіріп, ағасына болысып тұратын бүгінгі ағалардың сол кездегі бауырмалдығы қандай еді...
Фейсбуктің белсенділері де осы тақырып төңірегінде ой тастап тұрады. Жастардың мұндай әлсіздігі жаһандану үрдісінің әсері бар және жеңіл өмірдің құрбаны болғанымен байланыстырса, енді бірі Отан алдындағы парызды орындамақ түгілі, ата-ананың алдындағы міндеттердің парқын түсіне бермейтінін жеткізді. Оған отбасын басқаруда матриархаттық жүйенің қалыптасуы әсер еткенін айтты. Өте жөн, қазір қоғамда, отбасында әке беделі төмендеді.
Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жалғасады. Ендеше, ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес демекші, іске сәт...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ